Білім сапасы-басты баға

   Білім беру - бүкіл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби білімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздік үрдісі. Қай елдің болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне байланысты. Оқытудың жаңа технологияларын және оқу үрдісін ұйымдастыру принциптерін енгізу, соның ішінде осы заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану жөніндегі жұмыстарды жалғастыру өз нәтижесін беріп келеді. 

DSC 4426

   Бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тың жолға түсті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев кәсіптік – техникалық білім беру жүйесін жаңғырту үшін әлемдік білім беру деңгейіне жеткізуді мақсат етіп отыр. Осы мақсатта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі жаңғыртылып, педагог мамандардың беделін көтеріп, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы әр түрлі жұмыстар атқарылып келеді.
   Елбасы: «Кәсіптік – техникалық және жоғары білім бірінші кезекте ұлттық экономикалық мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстауы керек»,- деген болатын. Осы бағдарға сәйкес кәсіптік – техникалық білім берудің басты мақсаты – өндіріске бейімделген, кәсіптік шеберлігі шыңдалған, білікті кәсіби маман дайындау, рухани дүниесі бай, адамгершілігі мол, әрдайым ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті жеке тұлға дайындау. Аталған мақсатты іске асыруда кәсіптік – техникалық білім беру мамандары облыс, республика деңгейінде өтетін байқауларға, ғылыми жобаларға студенттерді қатыстырып, олардың жан – жақты қалыптасуына, тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Колледждерде білім беру қызметі оқытушылар мен студенттердің инновациялық құзіретін дамытатын білім беруді, ақпараттық – коммуникативтік және компьютерлік технологиялар мен құралдарды жүйелі түрде енгізуде.
   Білім беру саласында білім сапасын бағалаудың тың жолдары жүзеге асырылуда. Орта мектептерде ҰБТ алынса, орта арнаулы оқу орындарында кәсіптік даярлықтың деңгейін бағалау жүргізіледі. Кәсіби білім беру саласында сапаны тәуелсіз бағалау бойынша ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер көп. Тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы - жастарымызға – тәрбие мен білімнің инновациялық негізде берілгендігінен, сабақ мазмұнының жақсаруынан жеткендігі көрінеді.
   «Жаңа білім бағдарламалары, инновациялар және және құзіреттілік тәсілдеме – табысты мектепке қадамдар» атты тақырыпта «Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы ғимаратында жылдағы дәстүр бойынша мұғалімдердің облыстық тамыз кеңесі өтті. Педагогикалық тамыз кеңесінің жұмысына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты. Ол облыстағы білім саласының бір жылдық жұмысына баға беріп, қорытынды жасап, облыстағыбиік деңгейден көрінген колледждерді атап өтті. Соның ішінде сапаны тәуелсіз бағалау нәтижесі бойынша Ақтөбе гуманитарлық колледжі. Ембі қызмет көрсету колледжі және Бадамша агротехникалық колледжі«жылдың ең үздік колледжі» деп танылып, марапатталды. Колледж ұжымдарының еңбегі бағаланып, Алғыс хат және әр кайсысына 500 000 мың теңге тапсырылғандығы жөнінде Облыстық білім басқармасының сертификаты берілді.

Добавить комментарий


Защитный код


Обновить