Ел алдында еңселі міндеттер тұр
ҚР Білім және ғылым вице – министрі Есенғазы Иманғалиевтің Ақтөбеге жұмыс сапары

   Алғашқы кездесу Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінде өтті. Жиынға техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің басшылары мен колледж оқушылары қатысты. Кездесуді облыстық білім басқармасының басшысы Жанат Самұратова ашып, сөз сөйледі.
   Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары облыс тұрғындары арасында кеңінен талқылануда. Бес институттық реформаларды жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру мақсатында Президент жанында Ұлттық комиссия құрылып, тиісті жұмыстар орталықпен қатар өңірлерде де қарқынды жүргізілуде. Облыс орталығында, аудандарда, елді мекендерде түрлі деңгейде іс – шаралар алынып, орындалып жатыр. Облыс әкімінің өкіміне сәйкес «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» ақпараттық – ұйымдастыру жөніндегі жұмыс топтары құрылып, құжатты қолдау, түсіндіру – насихаттау жұмыстары жасалуда.
   Білім басқармасының басшысы Президент ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін ел алдында үлкен міндеттері тұрғанын айта келіп, облыста білім саласында жүргізіліп жатқан өзгерістерге тоқталды.Сонымен қатар биылғы оқу жылының нәтижелері туралы сөз қозғап,ҰБТ және кәсіптік даярлықтың деңгейін бағалауда облыс 91 пайыз үлгерім көрсетіп, республикада 4-ші орынға тұрақтағанын баяндады.
   - Институттық 5 реформаны орындау Қазақстанның білімі мен ғылымын дамыту, еліміздің ілгері дамуына үлес қосуға ықпал ететіндігі сөзсіз, - деді басқарма басшысы.
image001 3.09.2015Мухамбетпайзова Ж.С. –АКТКиНТ директоры,
Имангалиев Е. – вице-министр,
Самуратова Ж.Б. – облыстық білім басқармасының басшысы,
Абдрахманова Б.С. – филиал директоры
Әбішова Н.М. – облыстық ғылыми – әдістемлік орталығының директоры

   Сөзді жалғастырған вице – министр Е.Иманғалиев Ұлт жоспарында білім саласына ерекше көңіл бөлінгенін тілге тиек етті. Елбасының 5 институттық реформасы еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған жоба екендігін, маңызды құжат мемлекетіміздің өркендеуі үшін білім саласына жүктелер жауапкершіліктің аз еместігін айтып өтті.
   Кездесуде ол бүгінгі күні елімізде техникалық сала мамандарын даярлау басты назарда тұрғанын, сапалы білім беру жолы – дуалды оқыту жүйесі екенін, сондықтан еліміздегі өндіріске қажетті мамандар даярлау деңгейін көтеру міндетін әлеуметтік серіктестік және теория мен тәжірибенің үйлесімділігі атқаратынын айтты.
-Қазіргі кезде әлемде оқытудың дуалдық жүйесі – кәсіптік – техникалық кадрлар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі. Оның ерекшелігі сол, кәсіптік оқытудың басым бөлігі оқу орнында емес, кәсіпорындарда өтеді.    Ақтөбеде осы үлгіні ұстанған бірнеше арнаулы оқу орындары бар.Болашақта оның саны көбейтіледі, - деді вице – министр.
   Ұлт жоспарын орындау ел алдындағы елеулі міндеттерді шешу деген сөз. Бұл мемлекетіміздің озық 30 елдің қатарына кіруге жасалып жатқан қадамдарының бірі.

Добавить комментарий


Защитный код


Обновить