«AlphaRobo2015» ашық Чемпионаты

   Батыс Қазақстан облысында(БҚО) Жоғары техникалық мектебі базасында «AlphaRobo2015» роботты техникасы бойынша ашық Чемпионаты өткізілді. Чемпионатты БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Темір-Бүркіт» жастар қоғамдық бірлестігі, Жоғары техникалық мектебі ұйымдастыруымен және «РҒӘО» БҚО филиалының қатысуымен 2015 жылдың 20 мамыр күні өткізілді.Чемпионатқа өз еркілерімен және білім беру мекемелерінің, техникалық және кәсіптік оқыту мекемелерінің студенттері қатысты. Чемпионатта әрбір роботты таныстыруға топтан бір немесе екі қатысушы (оператор) шықты. SAM 5961

   Жарыстың мақсаты мен міндеті:
– Өскелен ұрпақтың жаңа жабдықтарды және жаңа техникаларды құруға инновациялық қатынасын дамыту;
–  Жаңа технологияның бір бағыты ретінде роботты техникатуралы түсінікті тарату және роботты техника бойынша инновациялық жұмысқа назарларын аударту;
–  Білім беру ұйымдарында инновациялық жұмыстардың дамуына біріккен ақпарат құралдары (БАҚ) және қоғамның назарын аударту;
–  Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың шығармашылық қабілетін, ғылыми жұмыстарға қызығушылығын және дарынды балаларға қолдау көрсетіп, зияткерлікдамуы үшін жағдай жасау;
–  Жарысқа қатысатын оқытушылардың біліктіліктерін арттыру;
– Пәнаралық байланысы мен пәнаралық өзара әрекеттесу жүйелерін дамыту және балаларды алгоритм негіздерін, компьютерлік бағдарламаларды және роботты техниканы құрастыру жүйесін тереңдетіп оқуға ынталандыру;
–  Компьютерлік бағдарламаларды, алгоритм негіздерін, автоматты басқару және модуль бойынша жоғарымотивациялық оқыту қызметін Білім беру мекемелерінде ұйымдастыруға мүмкіндік беру;
– Өскелен ұрпақтың инженерлік-техникалық мамандықтарына қызығушылығын ояту.
   Робототехника бойынша Чемпионаткелесі раундар бойынша өткізілді:
Lego роботтар:
«Роботты техникаға бірінші қадам»
1. Сумо (бір-біріне қарама қарсы);
2. Кегельринг (тек ақ бәңкі);
3. Траектория (қарапайым).
«Ілгері деңгей»
Траектория (инверсия, айналымы 90 градус).
   Әртүрлі роботтар:
Шығармашылық санат «Зерттеуші роботтар».

SAM 5980SAM 5986«AlphaRobo2015» роботты техникасы бойыншаашық Чемпионатының қорытындысы төмендегідей:
Сумо (бір-біріне қарама қарсы)
1 орын Назарбаев зияткерлікмектебі (НЗМ), Орал қ. - Жанайсов Аян, Тулепкалиев Асламбек;
2 орын НЗМ, Орал қ. – Абай Ербол;
3 орын НЗМ Орал қ. – Жамашев Ержан, Куанова Дильназ.
Кегельринг
1 орын «Сәулет» мектеп-лицей – Сатбаев Маулен;
2 орын Жоғары техникалық мектебі – Тулегенов Айдар;
3 орын НЗМ Орал қ – Тналиев Шынболат, Тлекбай Диас;
Траектория (карапайым)
1 орын НЗМ Орал қ – Сабир Арыстан;
2 орын Жоғары техникалық мектебі – Оразбаев Бауыржан;
3 орын Қазақ – түрік лицей – Естебесов Алтай.
Траектория (күрделі)
1 орын НЗМ Орал қ – Бекетов Адилет, Беккалиев Асан;
2 орын Жоғары техникалық мектебі – Оразбаев Бауыржан;
3 орын Жоғары техникалық мектебі – Габдрахимов Даурен.
Шығармашылық санат
1 орын НЗМ Орал қ – Асангалиева Айдана, Алманова Динара;
2 орын Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы – Сулейменов Расул;
3 орын Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы – Насипов Әділ.
Қатысушыларға диплом, грамота және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Добавить комментарий


Защитный код


Обновить