WorldSkills Kazakhstan облыстық байқауының жеңімпаздары
Елордаға бет алды.

«Бұл заман білекке сенетін емес,

білімге сенетін заман»
Н.Ә.Назарбаев

   Қазақстан Республикасында білім беру жүйесіндегі модернизациялау үдерісі – білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім берудің ұлттық моделін жетілдіру, ақпараттық технологиялар жөнінде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға тікелей қатысты. Әлем тәжірибесі көрсеткендей, кез-келген мемлекеттің экономикалық жетістігі сол елдің білім жүйесі мен азаматтарының білім дәрежесіне байланысты. Өйткені білім арқылы ғана қоғамның интеллектуалдық капиталы мен инновациялық әлеуеті қалыптасады.

   Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет», – деп атап көрсетті.
   Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жағына бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.
   Бұл мақсатты жүзеге асыруда еліміздегі білім беру саласының бағыт-бағдарын айқындайтын Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаны бәрімізге белгілі.
Осындай Қазақстанның алдына қойған мақсаттары үшін еңбек ететін білікті кәсіби мамандарды дайындап, дәріптеу мақсатында 2015 жылдың 24-27 ақпан аралығында «РҒӘО» АҚ Қзылорда облысы филиалы мен     Қызылорда білім басқармасының ұйымдастыруымен WorldSkills Kazakhstan облыстық байқауына іріктеу кезеңі Қызылорда қаласында Пісіру жұмысы, Кірпіш қалау, Аспаздық және мейрамханалық іс, Ақпараттық технологиялық жүйелерді басқару мамандықтары бойынша өткізілді.

сварщикҚызылорда политехникалық колледжі, Пісіру жұмысы мамандығы

   WorldSkills Kazakhstan – бұл Қазақстан көлеміндегі жұмысшы мамандықтардың деңгейін көтеру, бұған деген сұранысты арттыру, кәсіби дайындық стандарттары мен біліктілікті көтеруге бағытталған қозғалыс. Кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған WSK ұлттық байқауы кадрлардың дайындық деңгейін жоғары дәрежеге көтеріп, кәсіби және білімдік стандарттардың өзара алмасуына, сонымен қатар біртұтас коммуникативті инфрақұрылымның құрылуына жол ашады.

каменщикҚызылорда құрылыс және бизнес колледжі, «Кірпіш қалау» мамандығы

   Еске сала кетейік, 6-шы ақпанға дейін таңдалған кәсіптер бойынша кәсіби шеберліктен өту байқауына ұсыныстар қабылданады. Ал 24-27 ақпанда аймақтық конкурстардың жеңімпаздары анықталған болатын. Яғни 2015 жылдың 24 ақпанында Қызылорда политехникалық колледжінде «Газбен және электрмен пісіруші», 25 ақпанда Қызылорда индустриалды техникалық колледжінде «Аспаздық және мейрамханалық іс», 26 ақпанда Қазақ гуманитарлы заң және техникалық колледжінде «Ақпараттық технологиялық жүйелерді басқару», 27 ақпанда Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде «Кірпіш қалау» мамандықтары бойынша іріктеу кезеңі болды.

повар

Қызылорда индустриалды техникалық колледжі
«Аспаздық және мейрамханалық іс» мамандығы

   Сәуір айында үздік көрінгендердің арасынан ҚР ұлттық құрамасы жасақталғалы отыр. 11-16 тамыз аралығында ел құрамасы WorldSkills Competition 2015 деп аталатын Сан-Паулу қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатысатын болады.
  WSK облыстық байқауына әлеуметтік серіктестер қатарынан «Мұнайлогистик» ЖШС, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, «Бест Сервис ЛТД фирмасы» ЖШС, Қалалық тамақтандыру мекемелері, «Астана Сервис LTD» ЖШС, «ММ Consracstion» ЖШС, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, Қарағанды университеті филиалынан әділ-қазылар тағайындалды.

инженер ИТ

   Қазақ гуманитарлы заң және техникалық колледжінде «Ақпараттық технологиялық жүйелерді басқару» мамандығы

   WorldSkills Kazakstan байқауының Қызылорда облысы бойынша және техникалық колледжінде аймақтық іріктеуі де өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы да өз жұмысын аяқтады және облас намысын қорғайтын Сыр саңлақтарын іріктеп берді. Жеңімпаздар
     Пісіру жұмысы - Ұзақ Рүстем Ұзақұлы
     Кірпіш қалау - Қасым Ерсұлтан Қанатұлы
     Аспаздық және мейрамханалық іс - Степанова Лидия Геннадьевна
     Ақпараттық технологиялық жүйелерді басқару - Сейілханов Сәкен

   WSK облыстық байқауының өткізілуіне үлестерін қосқан қазылар алқасына, Қызылорда политехникалық, Қызылорда индустриалды техникалық, Қазақ гуманитарлы заң және техникалық, Қызылорда құрылыс және бизнес колледждері директорларына алғысымызды білдіреміз.
   Астана қаласына барып облыс намысын қорғайтын өз мамандығының алғыр да білікті мамандары болғалы отырған WSK облыстық байқауының қатысушылары - Ұзақ Рүстем Ұзақұлы, Қасым Ерсұлтан Қанатұлы, Степанова Лидия Геннадьевна, Сейілханов Сәкенге СӘТТІЛІК ЖОЛДАС БОЛСЫН!
   ХХІ ғасыр – жастардың жаңа ақпараттық технологиялардың ғасыры. Ендеше ғасырдың сыйынан да қалыс қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы адал азамат ұл-қыздары көп болғай. Өткен жылғы Елбасынын жолдауында болашактың іргесін нығайту үшін кандай ауқымды істер аткарылу кажеттілігін, оларды ұйымдастырудың жолдарын, алғы шарттарын аныктай келе: «Біз білім беруді жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз, өмір бойы білім алу әрбір казакстандыктардың жеке кредосына айналуы тиіс»

Мұхиддинова Мая Әлімжанқызы

«РҒӘО» АҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалы
ІТ технология инженері

Добавить комментарий


Защитный код


Обновить