АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«Үздік техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары»
республикалық байқауы

   «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ (бұдан әрі – «РҒӘО» АҚ) ағымдағы жылдың 28 сәуірінен 27 мамыр аралығында «Үздік техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары» атты республикалық байқауды (бұдан әрі – байқау) өткізеді.
   Байқаудың мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) оқу орындары қызметінің негізгі көрсеткіштерін жақсартуға ынталандыру, кадрларды кәсіби тұрғыда даярлау сапасын жақсарту тәжірибесін жетілдіру, республика кадрларын даярлау, техникалық және ТжКБ жүйесін насихаттау болып табылады.
   Айта кету керек, аталмыш байқау колледждер арасында 3 жыл көлемінде өткізілмеген, сондықтан «РҒӘО» АҚ бұл байқауды республикалық деңгейде өткізуге ынтасын білдірді.
   Байқаудың міндеттері:
- колледжер арасында үздік ғылыми-техникалық инновациялық және зерттеу жұмыстарын анықтау және оны қолдау;
- ТжКБ жүйесін жетілдіру бағытындағы инновациалық ұйымдастыру-әдістемелік жобаларды анықтау;
- ТжКБ жүйесіндегі колледжер арасында техникалық және ғылыми бастаманы бақылау және өткізу;
даярлық бағыт бойынша ТжКБ жүйесіндегі үздік оқу орындарын анықтау;
республика кадрларын даярлау және кәсіптік білім беру жүйесін насихаттау;
- ТжКБ беделін арттыру;
кадрларды кәсіби даярлау сапасын жоғарылату тәжірибесін кеңейту және т.б.
   Байқауға барлық меншік нысанындағы ТжКБ оқу орындары қатыса алады.
   Байқаудың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар мен өтініштерді қабылдау 2016 жылы 28 сәуірден 27 мамыр аралығында жүргізіледі. Байқауға қатысу туралы өтініш пен қажетті құжаттар pdf электронды үлгісінде бір дана көлемінде бақылау-өлшемдік талаптарына сәйкес жіберілуі тиіс. Өтініште міндетті түрде қатысу номинациясы (№1 қосымша) көрсетілуі керек.
   Байқау төмендегі номинациялары бойынша өткізіледі:
«Қызмет көрсету, экономика және басқару» бағыты бойынша үздік оқу орны;
«Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша үздік оқу орны;
«Өндірістік, монтаж және жөндеу» бағыты бойынша үздік оқу орны;
«Ауыл шаруашылық, ветеринария және экология» бағыты бойынша үздік оқу орны;
«Энергетика» бағыты бойынша үздік оқу орны;
«Құрылыс және коммуналды шаруашылық» бағыты бойынша үздік оқу орны;
«Мұнайгаз және химиялық өнеркәсіп» бағыты бойынша үздік оқу орны;
«Металлургия және машина жасау» бағыты бойынша үздік оқу орыны.
Өтініштегі «Номинация» бағанасында оқу орны қатысатын номинация толтырылады. Көпсалалы оқу орны өздері қалаған бағыт-бағдарды көрсете алады.
   Бір номинация бойынша 3-тен кем өтініш түскен жағдайда, байқаудың әділ-қазылары аталмыш номинация бойынша бағалауға бас тартуға құқылы, және де бас тарту туралы шешім қатысушыға 1 күн ішінде хабарланады. Мұндай жағдайда қатысушылар өзге номинация бойынша қатыса алады немесе байқауға қатысудан бас тарта алады. Байқауға қатысудан бас тартқан жағдайда, ұжымдық жарна банктік аударым комиссиясынан тыс қатысушыға толығымен қайтарылады.
   Байқау әділ-қазыларының құрамы 5-7 адамнан тұрады. Әділ-қазылар тізімі ұйымдастыру комитетімен анықталады және «РҒӘО» АҚ бас директорымен мақұлданады. Әділ-қазылар құрамы «РҒӘО» АҚ және басқа да ұйымдар өкілдерінен тұрады. Әділ-қазылар құрамына ТжКБ оқу орындарының немесе ТжКБ оқу орындарының мүдделерін қорғайтын өзге де ұйымның өкілдері кіре алмайды.
   Әділ-қазылар алқасы белгіленген уақытта байқаудың жеңімпазын анықтап, номинация арқылы бірінші, екінші және үшінші орындар бойынша марапаттау рәсімін жүргізеді. Әділ-қазылар алқасы байқау талаптарына сәйкес жиналған ұпайларды есептей отыра жеңімпазды анықтайды.
   Байқауға қатысам деушілердің саны 100-ден асқан жағдайда әр номинация бойынша бірінші жүлделі орынға ие болған жеңімпазға Финляндия еліне кәсіптік кадрларды дайындау бойынша тәжірибе жинақтауға тегін жолдама беріледі. Ұйымдастыру комитеті сапар шығынын өз мойындарына алады. Байқауға қатысушылар саны 100 үміткерден кем болған жағдайда, әділ-қазылар алқасы жеңімпаздарға тегін жолдама беруден бас тартуға құқылы.
Номинация жеңімпаздарына (1, 2, 3 орындар) сертификат және арнайы кубок табыс етіледі.
   Байқаудың қорытындысы 2016 жылғы 4 маусымында жарияланады.
   Байқауға қатысу құны – 150 мың теңгені құрайды. Төлем туралы құжатты (№3 қосымша), төлем туралы түбіртектің көшірмесін скан түрінде мына электронды мекенжайға жолдау қажет: konkurs249760@rnmc.kz
   №1 қосымша – байқауға қатысу өтініші;
   №2 қосымша – байқаудың талаптары (бақылау-өлшем құжаттары);
   №3 қосымша – төлем туралы есеп;
   №4 қосымша – байқау ережелері

Ұйымдастырушылармен байланыс:
«РҒӘО» АҚ Серіктестік және аналитика Департаменті:
Тел.: +7(7172) 24-79-60;
Электронды мекенжай: konkurs249766@rnmc.kz

 


ИНФОРМАЦИОННОЕ ПИСЬМО
О проведении Республиканского конкурса
«Лучшие учебные заведения
технического и профессионального образования»

   С 28 апреля по 27 мая текущего года АО «Республиканский научно-методический центр развития технического и профессионального образования и присвоения квалификации» проводит Республиканский конкурс «Лучшие учебные заведения технического и профессионального образования» (далее - Конкурс).
   Целями конкурса являются мотивация учебных заведений технического и профессионального образования (далее – ТиПО) к улучшению основных показателей деятельности, совершенствование опыта по повышению качества профессиональной подготовки кадров, пропаганда системы ТиПО и подготовки кадров республики и др.
   Стоит отметить, что подобный конкурс среди колледжей не проводился на протяжении 3-х лет, в связи с чем, АО «РНМЦ» выступил инициатором проведения подобного мероприятия на республиканском уровне.

   Задачами конкурса являются:
выявление и поддержка лучших инновационных научно-технических и исследовательских работ среди колледжей;
выявление инновационных организационно-методических проектов, направленных на совершенствование системы ТиПО;
проведение мониторинга существующих технических и научных инициатив среди колледжей в системе ТиПО;
выявление лучших учебных заведений в системе ТиПО по профилям подготовки;
пропаганда системы профессионального образования и подготовки кадров республики;
повышение престижа ТиПО;
распространение опыта по повышению качества профессиональной подготовки кадров и др.
   В конкурсе могут участвовать все учебные заведения ТиПО всех форм собственности.
   Прием заявок на конкурс и необходимых документов, указанных в критериях (контрольно-измерительные материалы) осуществляется: с 28 апреля по 27 мая 2016 года. Для участия в конкурсе нужно подать заявку и необходимые материалы в одном экземпляре в электронном виде в формате pdf в соответствии с контрольно-измерительными материалами (приложение №1) до 27 мая 2016 года и заполнить форму (приложение №2) в соответствии с требованиями конкурса, с обязательным указанием номинации.
   Республиканский конкурс «Лучшие учебные заведения технического и профессионального образования» проводится по 10-ти номинациям:
Лучшее учебное заведение по профилю «Сервис, экономика и управление»;
Лучшее учебное заведение по профилю «Связь, телекоммуникации и информационные технологии»;
Лучшее учебное заведение по профилю «Производство, монтаж и ремонт»;
Лучшее учебное заведение по профилю «Сельское хозяйство, ветеринария и экология»;
Лучшее учебное заведение по профилю «Энергетика»;
Лучшее учебное заведение по профилю «Строительство и коммунальное хозяйство»;
Лучшее учебное заведение по профилю «Нефтегазовое и химическое производство»;
Лучшее учебное заведение по профилю «Металлургия и машиностроение».
   В графе «Номинация» на заявке участника необходимо указать номинацию, по которой учебное заведение желает участвовать в конкурсе. Многопрофильным колледжам необходимо указать желаемое направление (номинацию) по выбору.
   В случае набора менее 3 заявок на одну из номинации, жюри вправе принять решение отказать в проведении оценивания по указанной номинации и уведомить участников о решении за 1 (один) рабочий день. В таком случае участникам предоставляется выбор участвовать по другим номинациям или не участвовать в целом. Организационный взнос за участие в конкурсе в данном случае возвращаются в полном объеме, не считая банковских вознаграждений за перечисление.
   Состав жюри конкурса определяется организационным комитетом в количестве 5-7 человек и утверждается генеральным директором АО «РНМЦ». Состав жюри конкурса назначается из числа представителей АО «РНМЦ» и других организаций. В состав жюри не могут входить представители учебных заведений ТиПО или организаций, представляющих интерес учебных заведений ТиПО.
   Жюри определяет в определенный срок победителей Конкурса, присуждает премии за первое, второе и третье места по номинациям. Решение жюри принимаются на основании количества полученных суммированных баллов.
   В случае набора более 100 претендентов для участия в конкурсе, занявшим 1 место по каждой номинации, предоставляется бесплатная поездка в Финляндию в целях ознакомления с одним из лучших опытов в подготовке профессиональных кадров согласно контрольно-измерительным материалам. По итогам экспертной комиссии определяются победители Конкурса, которым высылаются приглашение на ознакомительную поездку в Финляндию или в другую страну. Оргкомитет полностью оплачивает поездку победителей. В случае набора менее 100 претендентов для участия в конкурсе, занявшим 1 место по каждой номинации, предоставление бесплатной поездки по решению жюри может быть отказано.
   Победителям в номинации (1, 2, 3 места) выдается сертификат и кубок конкурса.
   Итоги Республиканского конкурса будут подведены 4 июня 2016 года.
Стоимость участия в Республиканском конкурсе составляет 150 тысяч тенге. Счет на оплату (Приложение №3), копию квитанции в отсканированном виде необходимо отправить на электронный адрес: konkurs249760@rnmc.kz
   Приложение №1 – Заявка на участие;
   Приложение №2 – Критерий конкурса (контрольно-измерительные материалы);
   Приложение №3 – Счет на оплату.

   Приложение №4 – Положение.

Контакты организаторов:
Департамент партнерства и аналитики АО «РНМЦ»:
Тел.: +7(7172) 24-79-60;
Электронный адрес: konkurs249766@rnmc.kz.