Құрметті әріптестер!

    Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білімді дамыту ісіне өзіндік үлес қосып жүрген, өзіндік даму жолы бар, мақтануға лайық, бірегей Орталықтың 10 – жылдық мерейтойы құтты болсын!

    Аталмыш жылдар аралығында біліктіліктеріңіз бен іскерліктеріңізді орайлы ұштастыра отырып, техникалық және кәсіптік білім беру ісіне сүбелі үлестеріңізді аянбай қосып келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін!
    Барша әріптестеріміздің еңбектеріне шығармашылық шабыт, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін. Қиындығы мен қызығы мол жолда абыройлы болыңыздар, ынтымақ-бірліктеріңіз артып, еселі еңбектеріңіз ел игілігіне арнала бергей!
    Қоғамымыздың іргесі берік, болашағы жарқын болып, күннен-күнге көркейіп, абырой-даңқы ел мүддесімен бірге жасай берсін!

 

Ізгі тілекпен,
«Техникалық және кәсіптік білім дамыту
және біліктілікті берудің республикалық
ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ
бас директоры

О. Куспеков