Қадірлі білім саласының қызметкерлері!

мешитАйт – мұсылмандардың ең ұлы мейрамы десек қателеспеспіз. Өздеріңіз білесіздер, Ислам дінінде екі айт мейрамы бар. Ол Ораза айт пен Құрбан айт. Ораза айтымыз отыз күн ораза біткеннен соң болатыны бәрімізге аян. Бүгін міне сол Ораза айтымыз да басталды. Осыған орай, сіздерге ізгі ниетімді білдіруді жөн көрдім.

         «Алты алаштың басы қосылса, төрдегі орын мұғалімдікі» - деген М.Жұмабаевтың әдемі сөз бар. Білімнің күші құдіретті! Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін мен баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!

Білім мен ғылым саласының дамуына өз үлестерін қосуға аянбайтын орталығымыздың есігі әрқашан сіздерге ашық. Қашанда сіздермен салмақты ой, салиқалы пікір қалыптастыруға дайынбыз!

Қасиетті мейрамда шаңырақтарыңыз құт-береке мен төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Еліміздің білім мен ғылым саласы өркендеп, жастарымыз білікті де, білімді маман болуына тілектеспін!

Директор

«Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің

ғылыми-әдістемелік орталығы» РҒӘО бас директоры

Халмуратов Бегалы Оразалыұлы

Добавить комментарий


Защитный код


Обновить