МАМАНДАР ПІКІРІ

Колледж аккредитациясының маңыздылығы неде?

ДуйсебековДүйсебеков Базархан Төлегенұлы, Алматы облысы Көксу ауылшаруашылық  колледж директорының орынбасары:

-  Аккредитациядан өту бұл колледжге үлкен көмек береді. Қазір білім саласында көптеген өзгерістер бар. Осы өзгерістерге байланысты әр колледж жаңа өмір талабына сай болу қажет. Мысалы, аккердитация кезінде барлық колледждер жоғары деңгейге жету үшін, оның көмегі мол деп санаймын. Жоғарғы органдар келіп жұмыстарын көріп, кем-кетік жерін уақытында түзетіп жатса жақсы ғой. Қанша дегенмен де жоғарғы орган, оның үстіне сырт көз сыншы демей ме қазақ?! Колледж рейтингі өсуі келешек дамуына үлесін қосады. Міне, аккердитация есебінде жетістіктері мен кемшілігі айтылады, қарастырылады және түзетіледі. Әрине, айтылған ұсыныстармен колледж жақсарады деген сөз.

-  Енді сіз еңбек етіп отырған колледжбен таныссақ?

-  Біздің колледж 143 жыл тарихы бар көне оқу орны. Ғимарат 19 ғасырдың  жартысында бір бай кісінің қолдауымен салынған және сол мектептің басшысы болған. Патша кезінде қырғыз балаларына арналған пансионат болыпты. Сол замандағы патшаның қол қойған Жарғысы бізде әлі сақтаулы. Алматы облысында 70-тен аса колледж бар. Колледжіміз алдыңғы қатарлы болып саналады. Материалдық базамыз да жабдықталған. Оқу зертханалары, кабинеттер, шеберханаларымыз да бар. Жастарымыз ғылыми конференцияларға қатысуда. Республика, облыс деңгейінде орын алып жатырмыз. Былтыр студенттеріміз «WorldSkills Kazakhstan»  чемпионатына қатысып облыстан «Ең мықты автомеханик» атты гран-приін жеңіп алдық. Республика көлемінде «Жыл мұғалімі» атағына ие болған ұстазымызьен мақтанамыз. Спорт жағынан балаларымыз және ұстаздарымыз облыс көлемінде 1-орынды бермейміз. Көркемөнерпаздарымыздың да ерекшеліктері өте көп.

Мақсатымыз ауылшаруашылық, электрик, механик, агроном мамандарын даярлаймыз. Колледжге келген жастар оқуын тәмәмдаған соң, ауылда қалып қоятын секілді. Негізі олай емес, мысалы электрик мамандар барлық жерге қажет. Ол үй, мекеме, кәсіпорын, завод, фабрика болсын барлық жақта жұмысқа тұруына болады. Оның үстіне басқа мамандарға қарағанда белгілі бекітілген уақыттан тыс кезде де қосымша қаражат таба береді. Яғни, нан тауып жеуіне мүмкіндік бар. Жұмыссыз қалмайды деген сөз. Механик те сол сияқты. Білімді маман қай жерге болмасын өте қажет. Жұмыссыз қалмайды.

-  Базархан Төлегенұлы, ата-анасын шығынға батырып заңгер, экономист және т.б. мамандықтарын игеріп жұмыссыз жүретініміз бар...

-  Ия, рас бұл өзекті болып тұр. Мысалы колледжіміз агроэколог мамандарын даярлаймыз. Қазір үлкен экологиялық посттар, кедендер бар. Балаларымыз сол жерде жұмыс жасауда. Оның үстіне колледж мұғалімдеріміз жоғары білімді және жоғары санатты өз жұмыстарының хас шеберлері. Бір қызығы, ата-анасы ақылы кейбіреулері несиемен оқытқан, бізді менсінбеген заңгерлеріміз қалада жұмысы жоқ, бекер жүр. Анда, мында күзетте немесе құрылыста жүргені қынжылтады. Ал, біздің мамандықтарымызды игерген балаларымыз халыққа қызметін көрсетіп жүр десем артық айтқандық емес.

Федорова min1Федорова Наталья Сергеевна, заместитель директора «Шемонаихинского колледжа» г. Шемонаиха, ВКО

- Институт аккредитации это новое. В современном мире аккредитация меняет взгляд на систему образованию в целом. Поэтому в современных условиях аккредитация для колледжей очень важна. Она дает любому учебному заведению возможность расти, развиваться, интегрироваться в международное сообщество.

- Наталья Сергеевна, иногда родители говорят «Только вуз! В колледжи и техникумы идут только неудачники, не способные поступить в университет!» Почему?

- Это наверно с Советских времен, когда высшее образование было эталоном успеха. Сегодня эта точка зрения неактуальна. Колледж позволяет раньше начать рабочую деятельность. Важным моментом обучения в колледжах является наличие обязательного прохождения практики, тогда как в вузе ее может не быть или вам самим нужно будет искать работу в свободное от учебы время. А если есть практика — у вас будет опыт и больше шансов быстро устроиться на работу после окончания учебы, чем у выпускника вуза. Можно получить средне-специальное образование, а затем учиться дистанционно, как бесплатно, так и за деньги, оплачивая учебу из собственного кармана. Имея специальность на все времена, вы даже в кризис, когда большая часть экономистов и менеджеров пойдет под сокращение, не останетесь без работы.  

- Ваше мнение о бесплатном профтехобразовании?

- Да, бесплатное профтехобразование это очень нужно и полезно людям. В 90-ые году мы выпустили нишу рабочего класса. Вызвав тем самым дефицит на рынке труда. Конечно, экономика страны у нас идет вперед и развивается. У нас новые технологий и новые оборудование. Но у нас есть дети, из малообеспеченных семей доходы которых не очень высокие. Они такие же талантливые и успешные. Им надо тоже давать возможность учиться и работать.

- Расскажите о Вашем колледже и образовательным программам, по которым ведётся подготовка.

КГУ «Шемонаихинский колледж» Управления образования ВКО готовит кадры в основном для сельскохозяйственной отрасли. Мы выпускаем квалифицированных электрогазосварщиков, трактористов-машинистов, электриков, поваров, автомехаников, каменщиков и бухгалтеров. Материально-техническая база колледжа отвечает современным требованиям, колледж постоянно работает над обновлением МТБ. Наши студенты проходят производственное обучение на учебном хозяйстве колледжа. Наши ребята неоднократно участвовали и становились призерами регионального чемпионата World Skills и других областных и международных конкурсах. Главной ценностью колледжа считаю сплоченный и трудоспособный коллектив, возглавляемый талантливым руководителем Амерхановой Гульнарой Слямхановной.

Галиева Шолпан Болатқызы, «Павлодар тамақтану және сервис колледжі» директорның орынбасары:

-         Ең алдымен колледж аккредитациясы білім ошағына жаңа мүмкіндіктер береді. Әрине, бұл сыртынан бақылау, көру. Біз өзімізде аккредитациядан өттік. Яғни, бөтен кісілердің жасаған жұмысыңа баға беруі өте жақсы деп ойлаймын. Дайындалу, қайта қарау, кем жерін толықтыру бұл колледж үшін маңызды. Қиыншылығы бар, бірақ оның болашағы жақсы болады. Өткен жылы бізде аккредитациядан өткен соң көп өзгерісті байқадық, алдымызға жаңа мақсат қойдық.

-         Шолпан Болатқызы, енді сіздердің колледж жайлы білсек?

-         Мен 30 жылға жуық білім саласында еңбек етемін. Былтыр колледжімізге 45 жыл толды. Біздің колледж тамақтану және сервис көрсету болғандықтан, халыққа өте маңызды қызмет көрсетіп отырған білім беру ошағы деп ойлаймын. Мен осы колледжде жұмыс істегеніме 7 жыл болыпты. Мысалы, біз тамақтандыруды ұйымдастыруда аспазшы, даяшы, кондитерді даярлаймыз. Бізге оқуға түсетін бала көп. Әулетімен яғни, отбасы бизнес жұмыстары бар отбасынан шыққан балалар бар. Кафе, ресторан және басқа қызмет көрсететіндер. Мамандықтарымыз жақсы, тиімді, жұмыссыз қалмайды. Бір өкініштісі, жекеменшік кәсіпкерлер Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан анықтама аларда қиын. Яғни, түлектерімізге айлығын Зейнетақы қоры арқылы емес бірден қолдарына бергенді жөн санайды. Кіріс жағын көрсетпеу үшін. Ал, практика жөнінен сөз жоқ оқушыларымыз сол кәсіпкерлерден тәжірибеден өтуге барғанда, бірден ұнаған, қолынан іс келетін баланы жұмысқа қалдыруға тырысады.

Сәния СҮЛЕЙМЕН,

Нұр-Сұлтан

Добавить комментарий


Защитный код


Обновить