Білім беру мен ғылымды дамытудың жарқын жолы

Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.

DSC 0060

DSC 0176

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы шыққан болатын.
 Енді бүгінде осы бағдарламаны жүзеге асыру жолында еліміздің барлық өңірлерінде жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облысымыздағы барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында семинарлар өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 7 маусым күні біздің Байқоңыр қаласындағы «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінде» өтті.

ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру бағытындағы жұмыстарымен танысу» тақырыбындағы семинарға Облыстық білім басқармасы,ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамының Қызылорда облысы филиалы, ТжКБ беретін мекемеқызметкерлері қатысты.

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің директоры А.Дауленбаев «Техносервис» ЖШС директоры C.А.Ажмолдаевпен «Екі жақты әріптестік жөніндегі меморандумға» қол қойды. Өз кезегінде Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» директоры А.Дауленбаев семинарға қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жоспарын айтты. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қарабалаев Ерлан Жағыппарұлыколледж директоры А.Дауленбаевқа «Құрмет грамотасын», колледж қызметкерлері мен «ЭКСПО-2017» облыстық байқауының 1-орын жүлдегері, колледждің 1-курс студенті Нұрмағанбетов Ерланға «Алғыс хат» тапсырды.

Семинар барысында ҚР машина жасау және көлік Ұлттық ғылым академиясының академигі,  «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» құрылтай мүшелігінің өкіліАлибек Бораш Алибекұлы өзінің осы семинардың тақырыбы аясындағы колледж қызметкерлерінің жүргізген жұмыстарын жақсы деп бағалай келе, колледж директоры А.Дауленбаевқа ҚР машина жасау және көлік Ұлттық ғылым академиясының академигі дипломын салтанатты түрде табыстады.

Семинарға қатысушылар студенттердің өндірістік тәжірибеден өтетін «Техносервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік базасына барып, тәжірибеде жүрген студенттермен сұрақтар қойып, сұхбаттасты. Соңында семинарға қатысушылар қалалық тарихи мұражайға барып, біздің сүйікті қаламыз туралы көптеген мағлұматпен қанықты.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауға белсене кіріскен белсенді колледж ұжымына табыстар тілейміз!

DSC 0130

DSC 0126