"Қазақстандағы Турин процесі"- аймақтық зерттеу аясындағы дөңгелек үстел

         2017 жылдың 20 мамырында "Кәсіпқор Холдинг" КЕАҚ Жамбыл облысы әкімиятының  білім басқармасымен бірлесе отырып Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасына қарасты МКҚК "Жамбыл политехникалық колледжі" базасында " Қазақстандағы Турин процесі " тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасының, Жамбыл облысының жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Жамбыл облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Жамбыл облысындағы "Республикалық  ғылыми-әдістемелік орталығы" акционерлік қоғамы филиалының, "Жас Отан" жастар қанаты, Жамбыл облысының статистика басқармасының өкілдері мен облыстағы оқу орындарының басшылары қатысты. "Кәсіпқор Холдинг" КЕАҚ өкілдері А.Т.Жанкарина және Д.К.Алимхановалар аталған зерттеудің мақсат-міндеттері мен жүзеге асыру кезеңдерін түсіндірді. Аталған процесс өңірлік деңгейде (Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе және Жамбыл) төрт пилоттық облыстарда түрлі мүдделі тараптардың қатысуымен ұйымдастырылды.

turinski process 1

Бұл іс-шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты - өңірлердегі кәсіптік-техникалық білім берудің ағымдағы жағдайы, атап айтқанда осы мәселенің Жамбыл облысындағы ахуалы. КжТБ жүйесі блокпен сараптамалық топтар бойынша талқыланды: А) Заң шығару жүйесі және оның  КжТБ -ға әсері; Б) Еңбек нарығындағы сұраныс және ТжКБ жүйесі; В) Демографиялық, әлеуметтік және инклюзивтік сұраныс және ТжКБ жүйесі; Г) ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі; Д) ТжКБ жүйесін басқарудың механизмдері мен деңгейлері. Әр блокқа талқылауға түрлі тақырыптардағы сұрақтар берілді. Блоктар  арасында белсенді пікір алмасулар мен облыстағы ТжКБ жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар ТжКБ жүйесіндегі білім саясатына қатысты сұрақтарды, өңірдегі білім жүйесі мен еңбек нарығының арақатынасы жайлы, ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі, ТжКБ жүйесінің тартымдылығы мен мәртебесін  көтеру мәселерін талқылады.

turinski process 2turinski process 3

Дөңгелек үстелге қатысушылар "Кәсіркер Холдинг" КЕАҚ өкілдерінің көтеріп отырған сұрақтары өзекті және уақыт талабына сай екендігін атап өтіп, Қазақстанның білім саласын дамытуға қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға мүмкіндік бергендігі үшін өз алғыстарын білдірді.

turinski process 4