Сертификаттарды салтанатты тапсыру рәсімі

КДДБ өткізу талаптарына сәйкес  аталған іс-шараның қорытынды кезеңі біліктілік берілуі жайлы сертификаттарды табыстау рәсімі. Оқудың толық  курсын аяқтандығы жайлы сертификаттарды салтанатты түрде беруді өткізу дәстүрлі іс-шараға айналды. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша 5160 түлек тестке қатысып, 5045 түлек сертификатқа ие болды.

Сертификаттар мен дипломдарды салтанатты түрде тапсыру рәсімін оқу орындарымен бірлесе өткізу жоспарланған. Аталған іс-шараға Біліктілік беру комиссия төрағалары, жұмыс берушілер, Жамбыл облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ата-аналар қауымдастығы да тартылған.

2017 жылдың маусым айында Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасына қарасты Тараз химия-технология колледжінде салтанатты түрде сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті. Аталған іс-шарада түлектер өз өнерлерін көрсетті. Салтанатты рәсімге Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасынан, Жамбыл облысының өңірлік кәсіпқорлар палатасынан өкілдер және "Казфосфат" ЖШС-нің оқу орталығының директоры қатысты.

Сертификаттарды тапсыру рәсімін салтанатты түрде өткізуді ұйымдастыруда тәжірибе алмасу үшін аталған іс-шараға облыс және қала колледждерінің директорлары мен оқу-өндірісі жөніндегі орынбасаралары шақырылды. Бұл іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты - ТжКБ ұйымдарының түлектеріне сертификат тапсырумен қатар, іс-шараға шақырылған жұмыс берушілер тарапынан түлектерге жұмыс беру жайлы ұсыныстар алу мүмкіндігі және болашақ түлектердің КДДБ емтихандарында жақсы білім көрсеткіштеріне қол жеткізуге талпындыру. 

tozhzestvennoe vruchenie taraz