Қостанай индустриалдық-педагогикалық коледжі базасында «Қазақстандағы Турин процессі» өңірлік зерттеудің аясындағы дөңгелек үстел

2017 жылы алғаш рет Қазақстанның төрт сынамалы облыстарында (Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында) өңірлік деңгейде Турин процессі аясында зерттеу өткізілді. Зерттеудің негізгі мақсаты өңірлік деңгейде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін талдау және Еуропалық Одақ елдерінің халықаралық озық тәжірибесі негізінде оның тиімділігін жоғарлату болып табылды.

2017 жылғы 23 мамырда Қостанай қ. Қостанай индустриалдық-педагогикалық коледжінің базасындаҚостанай облысында ТжКБ жүйесінің саясатын нақты деректер негізінде талдауға бағытталған, «Қазақстандағы Турин процессі» өңірлік зерттеудің аясындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысын «Кәсіпкөр» холдингінің стратегиялық даму және мониторинг басқармасының өкілдері А.Т. Жанкарина және Д.К. Алимханова ұйымдастырды. Олар «Өңірлік деңгейдегі Турин процесі. Зерттеудің мақсаттары, міндеттері және кезеңдері» тақырыбына сөз сөйлесіп, іс-шараны ашты.

Өңірлік зерттеу түрлі мүдделі тараптардың: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Қостанай облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Қостанай облысы бойынша «Техникалық және кәсіптік білімді дамытудың республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ филиалының, Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» филиалының және әр түрлі колледж өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

ТжКБ жүйесінің талқылануы аналитикалық аядағы блоктар бойынша жұмыс топтары аясында дөңгелек үстел форматында өткізілді:

А. Заңнама және оның ТжКБ әсері. Осы топтың тұсаукесеріне (презентациясына) Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің басшысы А.С. Нуркина, облыс колледждерінің директорлар кеңесінің төрағасы М.К. Журкабаев және Қостанай автомобиль көлігі колледжі директорының орынбасары Ф.М. Искаков белсенді қатысты. Топ ТжКБ-нің заңнамалық аспектілерінің талдауын және олардың білім алудың процессіне әсерін көрсетті.

В. Еңбек нарығындағы сұраныс және ТжКБ жүйесі. Осы топты облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары таныстырды. Тұсаукесерде еңбек нарығының кәсіптік білім мамандарына деген қажеттілігі, сондай-ақ кәсіби бағытталған жұмыстың сұрақтары мен мәселелері көрсетілді.

С. Демографиялық, әлеуметтік және инклюзивтік сұраныс пенТжКБ жүйесі.Осы тұсаукесердің сұрақтарын облыс колледждерінің әлеуметтік педагогтары ашты. Педагогтар облыстың ТжКБ жүйесіне инклюзивтік білім беруді енгізу туралы, кәсіптік білімнің қолжетімдігі және мәртебесі сұрақтарын нақты айтып берді.

D. ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі. Осы блоктың тұсаукесерін Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» филиалы – К.Т. Ибрагимов, Қостанай облысы бойынша РҒӘО филиалының директоры В.В. Бибик, облыс колледждерінің (Лисаков техникалық, Жітіқара политехникалық, Рудный политехникалық және Қостанай ауыл шаруашылық колледждерінің) өкілдері таныстырды. Облыста қосарлы оқытудың мәселелері, колледждердің аккредитацияға дайындығы қарастырылды, жүйеде және қоғамда педагог мәртебесінің сұрақтары ашылды.

Блоктардың әрбіреуі белсенді талқыланды және аналитикалық дөңгелек үстелдің қатысушылары толықтырулар енгізді. Бұдан басқа ұйымдастырушылар аналитикалық аясының сұрақтары бойынша деректер жиынының қосымша көздерін талқылады.

Өңірлік зерттеу жұмысының қорытындылары бойынша қатысушылар облыстағы ТжКБ жүйесінің мәселелерін айқындады және белгіледі, және оның кемшіліктері, сол сияқты артықшылықтары көрсетілген моделін әзірледі.

Ұйымдастырушыларға кәсіптік білім берудің мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу мүмкіндігі үшін алғысымды білдіргім келеді.

 

b3d382f9 4e44 4c79 ac72 28ec79836623

IMG 3820

IMG 3859

IMG 3884