Шеберлер шықты сайысқа: «Үздік газбен және электрмен дәнекерлеуші  - 2016» облыстық байқау

Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында жұмысшы мамандарды даярлауды жақсартудың қажеттігін атап өтуде. Еліміздегі дүбірлі өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан игі іс-шаралар оқу орындарын көптеген дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Елбасының биылғы Жолдауында кәсіптік және техникалық білім беруге мамандарды даярлау мен қайта даярлықтан өткізуде кәсіптік білімді тегін алуға, өмір бойы сапалы білім алуға жағдай жасау және барлық мүмкіндікті туғызу, шетелдік жұмысшыларды қазақстандық мамандардың күшімен алмастыру - Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының ең негізгі бағыты болатындығы атап көрсетілген. Білім беру саласында жаңаша көзқарас, жаңа қарым-қатынас орнығып, жаңа базистік оқу жоспарына, жаңа буын оқулықтары мен оқу – әдістемелік кешендеріне көшу, жаңаша ойлау қалыптасуда. Әр оқытушының қызметіндегі ең бастапқы  міндеті - ол сабақты қызықты, тиімді өткізу, жасөспірімдердің білімге, мамандыққа деген ынтасын,  құштарлығын арттыру және де студентті мақсатқа талпындыру, танымдық белсенділігін арттыру. Оқытушы өз   мамандығын жетік білуімен  қатар сабақта үнемі шәкірттерінен қолдау тапқанда ғана еңбегінің нәтижесі көрінетін болады.  Еңбексіз, ізденіссіз озық тәжірибе немесе әдістеме пайда болмайды. Еңбектің жемісті болуы көбінесе мұғалімнің жеке басына, оның шеберлігіне, іскерлігіне байланысты. 

Осы орайда облыстық білім басқармасының облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) ұйымдастырумен  2016 жылдың  9 желтоқсан күні, «Қызылорда политехникалық колледжі»  КМҚК  базасында  «Үздік газбен және электрмен дәнекерлеуші  - 2016» облыстық  байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын терең меңгерген, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жете білетін, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық құзыреттілігі қалыптасқан талантты өндірістік оқыту шеберлері анықтау, жаңа формациялық талаптарға лайықты, талантты өндірістік оқыту шеберлерін табу.  Өндірістік оқыту шеберлерінің тиімді озық іс-тәжірибелерін анықтап табу - студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы жоғары нәтиже көрсеткен белсенді өндірістік оқыту шеберлерін қолдау болып табылды. Байқауға колледждердің өндірістік оқыту шеберлері қатысып бақтарын  сынады. Байқауға қатысушылар көрсетілген  критериилері бойынша  бағаланды.

Қатысушалырдың реттік номерлерін анықтау үшін, қапшыққа  салынған нөмірленген асықтарды алу арқылы әр қатысушының өз реттік нөмерлері  анықталды.

І кезең: Байқауға қатысушылардың ғылыми – әдістемелік шығармашылық еңбектері, 3 жыл көлеміндегі жетістіктері, ізденістері, құжаттары қаралады.

ІІ кезең: Қатысушының білім деңгейі педагогика, психология және өз мамандығы бойынша тест сұрақтары арқылы анықталады. Барлығы 60 сұрақ – 60 мин беріледі.

ІІІ кезең: Байқауға қатысушылардың өзін-өзі таныстыру – 5 минут;

IV кезең: Практикалық кезең: арнайы дайындалған технологиялық нұсқаулық карта бойынша жұмыс жасау.

Қатысушылардың  жұмысын саралай байқау қорытындысында І-орын  Шиелі индустриалды –техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Назарұлы Дәулетке берілді, ІІ –орын  Қазалы  көлік –техникалық  колледжінің  өндірістік оқыту шебірі Айқожа Сапарға берілді, ІІІ - орын Қазалы аграрлы –техникалық  колледжінің  өндірістік оқыту шебері Піржанов Әділжанға берілді. 

Kyzylorda WA0022

Kyzylorda WA0024

Kyzylorda WA0025