Францияда біліктілікті арттыру

СІЕР Халықаралық педагогикалық зерттеулер орталығы,  Севр қ. (Франция) арасындағы серіктестік туралы Меморандумға қатысты іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ ТжКБ оқу орындарының басшылық құрамы, арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері үшін халықаралық үлгідегі сертификат берумен біліктілікті арттыру және тағылымдама ұйымдастыру үдерісін бастады.

Ұйымдастыру нысаны:

- теориялық және практикалық сабақтар - СІЕР және Францияның басқа да ТжКБ ұйымдарының құзыретті мамандары өткізеді;

- Францияның тиісті ТЖКБ ұйымдарына бару;

- оқу сапарын қорытындылау және оның нәтижелерін барлық қатысушылармен талқылау.

Курстардың бағдарламасы тәжірибені зерделеу және Францияның  ТжКБ оқу орындарымен іскери байланыстар орнату.

Орталықтың міндеттері:

- колледждердің басшыларынан біліктілікті арттыру курстарының көкейтесті тақырыптары жөнінде ақпарат жинау;

- курстың тақырыбы бойынша топ қалыптастыру;

- сапар үшін визалық қолдау.

Тыңдаушылардың саны: бір сапарға 15 адам.

Оқу мерзімі: 10 жұмыс күні.

Өткізілетін орны: Халықаралық педагогикалық зерттеулер орталығы, Севр қ. (Франция).

Күтілетін нәтижелер: ТжКБ оқу орындарының жұмысы сапасын арттыру.

   

Қосымша ақпарат алу үшін Серіктестікті және халықаралық байланыстарды дамыту бөліміне хабарласуға болады: тел/факс: +7 (7172) 24-52-17, 24-48-86, e-mail:intercoop_rnmc@mail.ru.