Білім беру мен ғылымды дамытудың жарқын жолы

Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.

DSC 0060

DSC 0176

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы шыққан болатын.
 Енді бүгінде осы бағдарламаны жүзеге асыру жолында еліміздің барлық өңірлерінде жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында облысымыздағы барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында семинарлар өткізілуде.

Ағымдағы жылдың 7 маусым күні біздің Байқоңыр қаласындағы «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінде» өтті.

ҚР-да білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 ж. арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру бағытындағы жұмыстарымен танысу» тақырыбындағы семинарға Облыстық білім басқармасы,ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамының Қызылорда облысы филиалы, ТжКБ беретін мекемеқызметкерлері қатысты.

Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің директоры А.Дауленбаев «Техносервис» ЖШС директоры C.А.Ажмолдаевпен «Екі жақты әріптестік жөніндегі меморандумға» қол қойды. Өз кезегінде Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» директоры А.Дауленбаев семинарға қатысушыларға алғыс білдіріп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жоспарын айтты. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Қарабалаев Ерлан Жағыппарұлыколледж директоры А.Дауленбаевқа «Құрмет грамотасын», колледж қызметкерлері мен «ЭКСПО-2017» облыстық байқауының 1-орын жүлдегері, колледждің 1-курс студенті Нұрмағанбетов Ерланға «Алғыс хат» тапсырды.

Семинар барысында ҚР машина жасау және көлік Ұлттық ғылым академиясының академигі,  «Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр колледжінің» құрылтай мүшелігінің өкіліАлибек Бораш Алибекұлы өзінің осы семинардың тақырыбы аясындағы колледж қызметкерлерінің жүргізген жұмыстарын жақсы деп бағалай келе, колледж директоры А.Дауленбаевқа ҚР машина жасау және көлік Ұлттық ғылым академиясының академигі дипломын салтанатты түрде табыстады.

Семинарға қатысушылар студенттердің өндірістік тәжірибеден өтетін «Техносервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндірістік базасына барып, тәжірибеде жүрген студенттермен сұрақтар қойып, сұхбаттасты. Соңында семинарға қатысушылар қалалық тарихи мұражайға барып, біздің сүйікті қаламыз туралы көптеген мағлұматпен қанықты.

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындауға белсене кіріскен белсенді колледж ұжымына табыстар тілейміз!

DSC 0130

DSC 0126

"Қазақстандағы Турин процесі"- аймақтық зерттеу аясындағы дөңгелек үстел

         2017 жылдың 20 мамырында "Кәсіпқор Холдинг" КЕАҚ Жамбыл облысы әкімиятының  білім басқармасымен бірлесе отырып Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасына қарасты МКҚК "Жамбыл политехникалық колледжі" базасында " Қазақстандағы Турин процесі " тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Дөңгелек үстелге Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасының, Жамбыл облысының жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Жамбыл облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Жамбыл облысындағы "Республикалық  ғылыми-әдістемелік орталығы" акционерлік қоғамы филиалының, "Жас Отан" жастар қанаты, Жамбыл облысының статистика басқармасының өкілдері мен облыстағы оқу орындарының басшылары қатысты. "Кәсіпқор Холдинг" КЕАҚ өкілдері А.Т.Жанкарина және Д.К.Алимхановалар аталған зерттеудің мақсат-міндеттері мен жүзеге асыру кезеңдерін түсіндірді. Аталған процесс өңірлік деңгейде (Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе және Жамбыл) төрт пилоттық облыстарда түрлі мүдделі тараптардың қатысуымен ұйымдастырылды.

turinski process 1

Бұл іс-шараны ұйымдастырудың негізгі мақсаты - өңірлердегі кәсіптік-техникалық білім берудің ағымдағы жағдайы, атап айтқанда осы мәселенің Жамбыл облысындағы ахуалы. КжТБ жүйесі блокпен сараптамалық топтар бойынша талқыланды: А) Заң шығару жүйесі және оның  КжТБ -ға әсері; Б) Еңбек нарығындағы сұраныс және ТжКБ жүйесі; В) Демографиялық, әлеуметтік және инклюзивтік сұраныс және ТжКБ жүйесі; Г) ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі; Д) ТжКБ жүйесін басқарудың механизмдері мен деңгейлері. Әр блокқа талқылауға түрлі тақырыптардағы сұрақтар берілді. Блоктар  арасында белсенді пікір алмасулар мен облыстағы ТжКБ жүйесінің өзекті мәселелері талқыланды. Қатысушылар ТжКБ жүйесіндегі білім саясатына қатысты сұрақтарды, өңірдегі білім жүйесі мен еңбек нарығының арақатынасы жайлы, ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі, ТжКБ жүйесінің тартымдылығы мен мәртебесін  көтеру мәселерін талқылады.

turinski process 2turinski process 3

Дөңгелек үстелге қатысушылар "Кәсіркер Холдинг" КЕАҚ өкілдерінің көтеріп отырған сұрақтары өзекті және уақыт талабына сай екендігін атап өтіп, Қазақстанның білім саласын дамытуға қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға мүмкіндік бергендігі үшін өз алғыстарын білдірді.

turinski process 4

Сертификаттарды салтанатты тапсыру рәсімі

КДДБ өткізу талаптарына сәйкес  аталған іс-шараның қорытынды кезеңі біліктілік берілуі жайлы сертификаттарды табыстау рәсімі. Оқудың толық  курсын аяқтандығы жайлы сертификаттарды салтанатты түрде беруді өткізу дәстүрлі іс-шараға айналды. Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша 5160 түлек тестке қатысып, 5045 түлек сертификатқа ие болды.

Сертификаттар мен дипломдарды салтанатты түрде тапсыру рәсімін оқу орындарымен бірлесе өткізу жоспарланған. Аталған іс-шараға Біліктілік беру комиссия төрағалары, жұмыс берушілер, Жамбыл облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ата-аналар қауымдастығы да тартылған.

2017 жылдың маусым айында Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасына қарасты Тараз химия-технология колледжінде салтанатты түрде сертификаттарды тапсыру рәсімі өтті. Аталған іс-шарада түлектер өз өнерлерін көрсетті. Салтанатты рәсімге Жамбыл облысы әкімиятының білім басқармасынан, Жамбыл облысының өңірлік кәсіпқорлар палатасынан өкілдер және "Казфосфат" ЖШС-нің оқу орталығының директоры қатысты.

Сертификаттарды тапсыру рәсімін салтанатты түрде өткізуді ұйымдастыруда тәжірибе алмасу үшін аталған іс-шараға облыс және қала колледждерінің директорлары мен оқу-өндірісі жөніндегі орынбасаралары шақырылды. Бұл іс-шараны ұйымдастырудың мақсаты - ТжКБ ұйымдарының түлектеріне сертификат тапсырумен қатар, іс-шараға шақырылған жұмыс берушілер тарапынан түлектерге жұмыс беру жайлы ұсыныстар алу мүмкіндігі және болашақ түлектердің КДДБ емтихандарында жақсы білім көрсеткіштеріне қол жеткізуге талпындыру. 

tozhzestvennoe vruchenie taraz

Қостанай индустриалдық-педагогикалық коледжі базасында «Қазақстандағы Турин процессі» өңірлік зерттеудің аясындағы дөңгелек үстел

2017 жылы алғаш рет Қазақстанның төрт сынамалы облыстарында (Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл облыстарында) өңірлік деңгейде Турин процессі аясында зерттеу өткізілді. Зерттеудің негізгі мақсаты өңірлік деңгейде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін талдау және Еуропалық Одақ елдерінің халықаралық озық тәжірибесі негізінде оның тиімділігін жоғарлату болып табылды.

2017 жылғы 23 мамырда Қостанай қ. Қостанай индустриалдық-педагогикалық коледжінің базасындаҚостанай облысында ТжКБ жүйесінің саясатын нақты деректер негізінде талдауға бағытталған, «Қазақстандағы Турин процессі» өңірлік зерттеудің аясындағы дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің жұмысын «Кәсіпкөр» холдингінің стратегиялық даму және мониторинг басқармасының өкілдері А.Т. Жанкарина және Д.К. Алимханова ұйымдастырды. Олар «Өңірлік деңгейдегі Турин процесі. Зерттеудің мақсаттары, міндеттері және кезеңдері» тақырыбына сөз сөйлесіп, іс-шараны ашты.

Өңірлік зерттеу түрлі мүдделі тараптардың: Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Қостанай облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Қостанай облысы бойынша «Техникалық және кәсіптік білімді дамытудың республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ филиалының, Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» филиалының және әр түрлі колледж өкілдерінің қатысуымен өткізілді.

ТжКБ жүйесінің талқылануы аналитикалық аядағы блоктар бойынша жұмыс топтары аясында дөңгелек үстел форматында өткізілді:

А. Заңнама және оның ТжКБ әсері. Осы топтың тұсаукесеріне (презентациясына) Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің басшысы А.С. Нуркина, облыс колледждерінің директорлар кеңесінің төрағасы М.К. Журкабаев және Қостанай автомобиль көлігі колледжі директорының орынбасары Ф.М. Искаков белсенді қатысты. Топ ТжКБ-нің заңнамалық аспектілерінің талдауын және олардың білім алудың процессіне әсерін көрсетті.

В. Еңбек нарығындағы сұраныс және ТжКБ жүйесі. Осы топты облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мамандары таныстырды. Тұсаукесерде еңбек нарығының кәсіптік білім мамандарына деген қажеттілігі, сондай-ақ кәсіби бағытталған жұмыстың сұрақтары мен мәселелері көрсетілді.

С. Демографиялық, әлеуметтік және инклюзивтік сұраныс пенТжКБ жүйесі.Осы тұсаукесердің сұрақтарын облыс колледждерінің әлеуметтік педагогтары ашты. Педагогтар облыстың ТжКБ жүйесіне инклюзивтік білім беруді енгізу туралы, кәсіптік білімнің қолжетімдігі және мәртебесі сұрақтарын нақты айтып берді.

D. ТжКБ жүйесінің ішкі тиімділігі. Осы блоктың тұсаукесерін Қостанай облысы бойынша «Өрлеу» филиалы – К.Т. Ибрагимов, Қостанай облысы бойынша РҒӘО филиалының директоры В.В. Бибик, облыс колледждерінің (Лисаков техникалық, Жітіқара политехникалық, Рудный политехникалық және Қостанай ауыл шаруашылық колледждерінің) өкілдері таныстырды. Облыста қосарлы оқытудың мәселелері, колледждердің аккредитацияға дайындығы қарастырылды, жүйеде және қоғамда педагог мәртебесінің сұрақтары ашылды.

Блоктардың әрбіреуі белсенді талқыланды және аналитикалық дөңгелек үстелдің қатысушылары толықтырулар енгізді. Бұдан басқа ұйымдастырушылар аналитикалық аясының сұрақтары бойынша деректер жиынының қосымша көздерін талқылады.

Өңірлік зерттеу жұмысының қорытындылары бойынша қатысушылар облыстағы ТжКБ жүйесінің мәселелерін айқындады және белгіледі, және оның кемшіліктері, сол сияқты артықшылықтары көрсетілген моделін әзірледі.

Ұйымдастырушыларға кәсіптік білім берудің мәселелері бойынша тәжірибе және пікір алмасу мүмкіндігі үшін алғысымды білдіргім келеді.

 

b3d382f9 4e44 4c79 ac72 28ec79836623

IMG 3820

IMG 3859

IMG 3884

Шеберлер шықты сайысқа: «Үздік газбен және электрмен дәнекерлеуші  - 2016» облыстық байқау

Қазақстан Республикасының Президенті жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында жұмысшы мамандарды даярлауды жақсартудың қажеттігін атап өтуде. Еліміздегі дүбірлі өзгерістер қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан игі іс-шаралар оқу орындарын көптеген дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Елбасының биылғы Жолдауында кәсіптік және техникалық білім беруге мамандарды даярлау мен қайта даярлықтан өткізуде кәсіптік білімді тегін алуға, өмір бойы сапалы білім алуға жағдай жасау және барлық мүмкіндікті туғызу, шетелдік жұмысшыларды қазақстандық мамандардың күшімен алмастыру - Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуының ең негізгі бағыты болатындығы атап көрсетілген. Білім беру саласында жаңаша көзқарас, жаңа қарым-қатынас орнығып, жаңа базистік оқу жоспарына, жаңа буын оқулықтары мен оқу – әдістемелік кешендеріне көшу, жаңаша ойлау қалыптасуда. Әр оқытушының қызметіндегі ең бастапқы  міндеті - ол сабақты қызықты, тиімді өткізу, жасөспірімдердің білімге, мамандыққа деген ынтасын,  құштарлығын арттыру және де студентті мақсатқа талпындыру, танымдық белсенділігін арттыру. Оқытушы өз   мамандығын жетік білуімен  қатар сабақта үнемі шәкірттерінен қолдау тапқанда ғана еңбегінің нәтижесі көрінетін болады.  Еңбексіз, ізденіссіз озық тәжірибе немесе әдістеме пайда болмайды. Еңбектің жемісті болуы көбінесе мұғалімнің жеке басына, оның шеберлігіне, іскерлігіне байланысты. 

Осы орайда облыстық білім басқармасының облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) ұйымдастырумен  2016 жылдың  9 желтоқсан күні, «Қызылорда политехникалық колледжі»  КМҚК  базасында  «Үздік газбен және электрмен дәнекерлеуші  - 2016» облыстық  байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты техникалық және кәсіптік білімнің мазмұнын терең меңгерген, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды жете білетін, ғылыми-әдістемелік, шығармашылық құзыреттілігі қалыптасқан талантты өндірістік оқыту шеберлері анықтау, жаңа формациялық талаптарға лайықты, талантты өндірістік оқыту шеберлерін табу.  Өндірістік оқыту шеберлерінің тиімді озық іс-тәжірибелерін анықтап табу - студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудағы жоғары нәтиже көрсеткен белсенді өндірістік оқыту шеберлерін қолдау болып табылды. Байқауға колледждердің өндірістік оқыту шеберлері қатысып бақтарын  сынады. Байқауға қатысушылар көрсетілген  критериилері бойынша  бағаланды.

Қатысушалырдың реттік номерлерін анықтау үшін, қапшыққа  салынған нөмірленген асықтарды алу арқылы әр қатысушының өз реттік нөмерлері  анықталды.

І кезең: Байқауға қатысушылардың ғылыми – әдістемелік шығармашылық еңбектері, 3 жыл көлеміндегі жетістіктері, ізденістері, құжаттары қаралады.

ІІ кезең: Қатысушының білім деңгейі педагогика, психология және өз мамандығы бойынша тест сұрақтары арқылы анықталады. Барлығы 60 сұрақ – 60 мин беріледі.

ІІІ кезең: Байқауға қатысушылардың өзін-өзі таныстыру – 5 минут;

IV кезең: Практикалық кезең: арнайы дайындалған технологиялық нұсқаулық карта бойынша жұмыс жасау.

Қатысушылардың  жұмысын саралай байқау қорытындысында І-орын  Шиелі индустриалды –техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Назарұлы Дәулетке берілді, ІІ –орын  Қазалы  көлік –техникалық  колледжінің  өндірістік оқыту шебірі Айқожа Сапарға берілді, ІІІ - орын Қазалы аграрлы –техникалық  колледжінің  өндірістік оқыту шебері Піржанов Әділжанға берілді. 

Kyzylorda WA0022

Kyzylorda WA0024

Kyzylorda WA0025

 

25.04.2016 image003Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 19 сәуірде Атырау индустриалды колледж базасында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өндірістік оқыту шеберлері арасында «Үздік өндірістік оқыту шебері - 2016» облыстық байқауы өткізілді. 

Пкжт Конф image0032016 жылғы 7 сәуір күні «Петропавл темір жол көлігі колледжі» КМҚК-нда «Құзыреттілік көзқарас темір жол саласында кәсіптік білім беруді дамытудың халықаралық бағыттарының бірі ретінде» атты ІІ Халықаралық сырттай ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференция темір жол көлігі мамандарын даярлау сапасын арттырудың педагогикалық және әдістемелік аспектілерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған. 

IMG 14552015 жылы 24 желтоқсанда «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы Атырау облысы филиалының ұйымдастыруымен нормативтік-құқықтық, әдістемелік құжаттамалардың практикалық және теориялық сұрақтарын талқылау мақсатында «Оқу процесін ұйымдастыруға нормативтік-әдістемелік ілеспе қызмет көрсету» тақырыбында 1 күндік семинар өткізілді.

SAM 5961Батыс Қазақстан облысында(БҚО) Жоғары техникалық мектебі базасында «AlphaRobo2015» роботты техникасы бойынша ашық Чемпионаты өткізілді. Чемпионатты БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Темір-Бүркіт» жастар қоғамдық бірлестігі, Жоғары техникалық мектебі ұйымдастыруымен және «РҒӘО» БҚО филиалының қатысуымен 2015 жылдың 20 мамыр күні өткізілді.Чемпионатқа өз еркілерімен және білім беру мекемелерінің, техникалық және кәсіптік оқыту мекемелерінің студенттері қатысты. Чемпионатта әрбір роботты таныстыруға топтан бір немесе екі қатысушы (оператор) шықты.


«AlphaRobo2015» ашық Чемпионаты

   Батыс Қазақстан облысында(БҚО) Жоғары техникалық мектебі базасында «AlphaRobo2015» роботты техникасы бойынша ашық Чемпионаты өткізілді. Чемпионатты БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Темір-Бүркіт» жастар қоғамдық бірлестігі, Жоғары техникалық мектебі ұйымдастыруымен және «РҒӘО» БҚО филиалының қатысуымен 2015 жылдың 20 мамыр күні өткізілді.Чемпионатқа өз еркілерімен және білім беру мекемелерінің, техникалық және кәсіптік оқыту мекемелерінің студенттері қатысты. Чемпионатта әрбір роботты таныстыруға топтан бір немесе екі қатысушы (оператор) шықты. SAM 5961

   Жарыстың мақсаты мен міндеті:
– Өскелен ұрпақтың жаңа жабдықтарды және жаңа техникаларды құруға инновациялық қатынасын дамыту; 
–  Жаңа технологияның бір бағыты ретінде роботты техникатуралы түсінікті тарату және роботты техника бойынша инновациялық жұмысқа назарларын аударту;
–  Білім беру ұйымдарында инновациялық жұмыстардың дамуына біріккен ақпарат құралдары (БАҚ) және қоғамның назарын аударту;
–  Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың шығармашылық қабілетін, ғылыми жұмыстарға қызығушылығын және дарынды балаларға қолдау көрсетіп, зияткерлікдамуы үшін жағдай жасау;
–  Жарысқа қатысатын оқытушылардың біліктіліктерін арттыру;
– Пәнаралық байланысы мен пәнаралық өзара әрекеттесу жүйелерін дамыту және балаларды алгоритм негіздерін, компьютерлік бағдарламаларды және роботты техниканы құрастыру жүйесін тереңдетіп оқуға ынталандыру;
–  Компьютерлік бағдарламаларды, алгоритм негіздерін, автоматты басқару және модуль бойынша жоғарымотивациялық оқыту қызметін Білім беру мекемелерінде ұйымдастыруға мүмкіндік беру;
– Өскелен ұрпақтың инженерлік-техникалық мамандықтарына қызығушылығын ояту.
   Робототехника бойынша Чемпионаткелесі раундар бойынша өткізілді:
Lego роботтар:
«Роботты техникаға бірінші қадам»
1. Сумо (бір-біріне қарама қарсы);
2. Кегельринг (тек ақ бәңкі);
3. Траектория (қарапайым).
«Ілгері деңгей»
Траектория (инверсия, айналымы 90 градус).
   Әртүрлі роботтар:
Шығармашылық санат «Зерттеуші роботтар».

SAM 5980SAM 5986«AlphaRobo2015» роботты техникасы бойыншаашық Чемпионатының қорытындысы төмендегідей:
Сумо (бір-біріне қарама қарсы)
1 орын Назарбаев зияткерлікмектебі (НЗМ), Орал қ. - Жанайсов Аян, Тулепкалиев Асламбек;
2 орын НЗМ, Орал қ. – Абай Ербол;
3 орын НЗМ Орал қ. – Жамашев Ержан, Куанова Дильназ.
Кегельринг
1 орын «Сәулет» мектеп-лицей – Сатбаев Маулен;
2 орын Жоғары техникалық мектебі – Тулегенов Айдар;
3 орын НЗМ Орал қ – Тналиев Шынболат, Тлекбай Диас;
Траектория (карапайым)
1 орын НЗМ Орал қ – Сабир Арыстан;
2 орын Жоғары техникалық мектебі – Оразбаев Бауыржан;
3 орын Қазақ – түрік лицей – Естебесов Алтай.
Траектория (күрделі)
1 орын НЗМ Орал қ – Бекетов Адилет, Беккалиев Асан;
2 орын Жоғары техникалық мектебі – Оразбаев Бауыржан;
3 орын Жоғары техникалық мектебі – Габдрахимов Даурен.
Шығармашылық санат
1 орын НЗМ Орал қ – Асангалиева Айдана, Алманова Динара;
2 орын Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы – Сулейменов Расул;
3 орын Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығы – Насипов Әділ.
Қатысушыларға диплом, грамота және бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Фото 1

2015 жылдың мамырдың 21-22 Алматы қ. техникалық жәнекәсіптік білімнің арнайы пәндері бойынша оқу әдебиеттері мен оқу әдістемелік құралдар әзірлеу және сынақтан өткізу қорытындылары бойынша семинарға Солтүстік Қазақстан облысының оқытушылары-сынақтан өткізушілері оқу құралдарын даярлау және осы жұмысты жақсарту бойыншанұсқаулар енгізудің көкейтесті мәселелерін талқылауға қатысты.
Семинарға талдаушы авторлар, сарапшылар, ҚР БҒМ техникалық және кәсіптік, жоғары білім жүйесінің, Беларусь Республикасы «Кәсіптік білім берудің Республикалық институты» білім беру мекемесінің, «Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ өкілдері қатысты. Семинар қатысушылары баяндамалар мен талдамаларды тыңдап, оқу әдебиетін енгізу және апробациялау үдерісіндегі оң динамиканы атап көрсетті.

 

 

fotoӨскемен қаласында, ШҚО, 2014 жылдың 12-14 наурызы аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің базасында «Ғылыми зерттеулерді бағалау және іріктеу жүйесі» және «Зерттеу қызметіндегі серіктестік нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті