«ТжКББ түлектерінің кәсіби дайындығы деңгейін бағалау» семинары.

Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 10 қарашада Атырау көлік және коммуникация колледжі базасында «ТжКББ түлектерінің кәсіби дайындығы деңгейін бағалау» тақырыбында Кәсіпкерлер палатасы Атырау филиалымен және «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы Атырау облысы бойынша филиалымен бірлескен семинар өткізілді.

Семинарда «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалауға жүйелі дайындық – білім беру сапасын арттыру негізі», «Студенттердің кәсіби даярлық деңгейін бағалауды ұйымдастыру», «Кәсіби даярлық деңгейін бағалау жүйесін дамыту және біліктілік беру – кадрлар сапасын арттырудың кепілі», «2015-2016 оқу жылындағы кәсіптік даярлық деңгейін бағалаудың қорытындысы» тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Семинар қорытындысында 2015-2016 оқу жылында техникалық және кәсіптік білімді дамыту ісіне үлес қосқаны үшін колледж мұғалімдері «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ның бас директорының Алғыс хатымен марапатталды.

atyrau 2016 1

atyrau 2016 2

atyrau 2016 3

atyrau 2016 4