Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыкадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» 223 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бекітілген, ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстарының мемлекеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 10 наурыздағы №193 бұйрығына сәйкес, «РҒӘО» АҚ Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.

«РҒӘО» АҚ Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларындатехникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары үшін «Заманауи педагогикалық менеджмент негізінде ТжКБ оқу орындарында оқыту сапасын арттыру» тақырыбы бойынша  біліктілікті арттыру курстары өтеді.

Жеңіл өнеркәсіп саласының ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері үшін Шымкент қаласында «Дуалдық оқыту жүйесін енгізу жағдайларында өндірістік-технологиялық процестерді модельдеуді қолдану әдістемесі» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтеді.

Туризм және қонақ үй шаруашылықтарын ұйымдастыру саласыныңТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері үшін Ақтау қаласында«Туризм және қонақ үй шаруашылықтарын ұйымдастыру саласының ТжКБ ұйымдарының мамандарын даярлаудағы инновациялық тәсіл» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтеді.

Тағам және мейрамхана бизнесінің ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері үшін Қарағанды қаласында«Тағам саласы ұйымдарының мамандарын даярлаудағы инновациялық тәсіл - ТжКБ бітірушілерін оқыту сапасының шарты» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтеді.

ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары үшін Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларында «Дуалдық оқыту жағдайында ТжКБ жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру»тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтеді.

Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларында жоғарыда аталған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттырукурстары мынадай мерзімдерде өтеді:

1)    Ақтау қаласында –2016 жылғы 19 қыркүйектен 1 қазан және 03-15 қазан аралығында;

2)    Қарағанды қаласында – 2016 жылғы 03-15 қазан және 17-29 қазан аралығында;

3)    Шымкент қаласында 2016 жылғы 17-29 қазан және 31 қазан және 12 қараша аралығында.