Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында колледждердіңаккредиттеу рәсімінен өтетіні атап көрсетілген.

Осыған байланысты, Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі бірлесіп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында колледж басшылары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлері үшін 2016 жылдың 25-26 тамыз күндеріАстана қаласында ҚазГЗУ гуманитарлық-заң колледжі базасында «Колледжді аккредиттеуге арналған құжаттаманы дайындау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

DSC 9110

 

Семинар-тренингте келесі мәселелер қарастырылды:

$1-         ҚР білімді жаңғыртудағы сапаны тәуелсіз бағалау жүйесі;

- ТжКБ сапасын тәуелсіз бағалау  – ТжКБ сапасын арттырудың маңызды факторы;

- ТжКБ ұйымдарын институционалды және мамандандырылған аккредиттеу ерекшелігі. Сыртқы сараптау комиссиясының (ССК) келуін ұйымдастыру;

- сарапшыларды даярлау;

- ССК есебін дайындау, практикум;

- Қызметті құжаттандыру, растаушы куәліктер;

- стратегиялық менеджменттің институционалды негіздері, ТжКБ ұйымдарын аккредиттеуге өткізу бойынша практикум;

- аккредиттеу рәсіміндегі айқындық пен объективтілік принциптерін қамтамасыз ету. Білім беру бағдарламаларын өзін-өзі бағалау жөніндегі нұсқаулар;

- ТжКБ мазмұнын анықтайтын негізгі нормативтік құқықтық актілер;

- ТжКБ жүйесіндегі Ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберінің рөлі;

- кәсіптік стандарттар. Кәсіптік стандарттар құрылымы, оларды қолдану саласы;

- кәсіптік стандарт негізінде ТжКБ білім беру бағдарламаларын жобалаудың практикалық тәсілдері.

Семинар-тренигті «РҒӘО» АҚ Бас директорының орынбасары Камашева Римма Гильманқызы ашып, тақырыптың өзектілігі жайлы баяндады.

 

DSC 9130DSC 9180DSC 9213DSC 9184DSC 9190 DSC 9216

 

Сейдахметова Римма Ғаниқызы, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ғылыми кеңесшісі, ф.ғ.д.,Гасимов Ринат Гаптулханұлы, ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу бойынша жоба жетекшісі, Ошақбаева Гүлвира Орынтайқызы, «РҒӘО»АҚ адам капиталын дамыту департаментінің бас менеджері, Құлжанова Бахыткүл Темірбайқызы, «РҒӘО»АҚ ТжКБ мазмұны департаментінің директоры аталған мәселелер бойынша дәріс оқыды.

 

DSC 9420