«РҒӘО» АҚ қызметкерлері «Таза қала – бақытты қала» жалпықалалық сенбілікке қатысты.

   Қаланы көркейту және абаттандыру экологиялық тазалық айлық аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысқан «Техникалық және кәсіби білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ қызметкерлері астанамыздың сол жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік таңнан бастап жұмысқа кіріскен «РҒӘО» АҚ қызметкерлерімен Қоғамның құрылымдық бөлімшелері өздеріне белгіленген аймақты тазарту жұмыстарына білекті сыбана кірісті.

25.04.2016 sub001

   Айта кету керек, аталмыш іс-шараға қатысу – бұл тек азаматтық борышты белсене орындау ғана емес, сонымен қатар ұжым қызметкерлерін өзара біріктіру, бірлесе белсене жұмыс атқару, жұмысқа деген құлшынысты ояту болып табылады.
   АНЫҚТАМА: Жалпықалалық сенбілікке 100 000нан астам адам қатысты, 4000ға жуық ұйымдармен мекемелер, 200ден астам денсаулықты сақтау және білім мекемелері, 130ға тарта мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысып, 885 бірлік техника көзі жұмылдырылды.

25.04.2016 sub003   Айта кету керек, қаланы көркейту және абаттандыру экологиялық бір айлық сенбілі іс-шарасы сәуірдің 18-нен мамыр айының 18-не дейін жалғасады.
Дереккөз: http://www.akorda.kz/kz