VII Халықаралық форум «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты»

   2015 жылдың 12 қарашасында Астана қаласындағы Назарбаев университетінде кәсіптік-техникалық білім беру саласының қызметкерлерінің қатысуымен «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII Халықаралық форумы өтті.

 DSC9552   Форумда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, «TVET UK» атқарушы директоры Мэтью Андерсон, Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы Үйлестіру және ұйымдастыру агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің төрағасы Мехмед Бодур, Ресейдің Орта арнайы оқу орындарының директорлары кеңесінің президенті Виктор Демин, «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғарту» жобасының жетекшісі Диньйонг Хоу сөз сөйледі.

 DSC9505   ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов іс-шараның салтанатты ашылуында: «Барлық қонақтарымызды елордада қарсы алуға өте қуаныштымын. Бүгін біз үшін үлкен мереке, себебі кәсіптік және техникалық білім беру саласының 75-жылдығын атап өтеміз. Осы саладағы қызметкерлеріміз білікті кадрлардың қалыптасуына және тәрбиесіне зор үлестерін қосуда, атап айтқанда, сіздердің кәсіпқойлықтарыңыз, құлшыныстарыңыз бен жаңа мамандарды даярлаудағы үлкен қызметке деген адалдықтарыңыздың арқасында кешегі оқушылар білікті маман болуда және Қазақстанның гүлденуінің табыс кепілі болып табылады. Елбасының «100 нақты қадам» бағдарламасында басты мақсаттың бірі жоғары деңгейдегі мамандарды даярлау және осыған орай сапалы адами капиталды даярлау үлкен рөл атқарады. Сондықтан бүгін мемлекет бұл үшін барлық жағдайларды жасауда» деп сөз сөйледі.
   Содан кейін форум шеңберінде кәсіптік және техникалық білім саласының ардагерлерін, World Skills International конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
   Форумға әлемнің әр түрлі елінен қонақтар және Қазақстанның бүкіл өңірінен техникалық және кәсіптік білім педагогтары жиналды. Қонақтардың арасында Польша, АҚШ, Оңтүстік Корея, Белоруссия, Германия, Финляндия, Ұлыбритания, Ресей, Өзбекстаннан келген халықаралық сарапшылар, ЕуроОдақ, Дүниежүзілік банк, Британ Кеңесінің өкілдері болды.

 DSC9606