«ТжКББ түлектерінің кәсіби дайындығы деңгейін бағалау» семинары.

Атырау облысы білім беру басқармасының әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2016 жылғы 10 қарашада Атырау көлік және коммуникация колледжі базасында «ТжКББ түлектерінің кәсіби дайындығы деңгейін бағалау» тақырыбында Кәсіпкерлер палатасы Атырау филиалымен және «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ы Атырау облысы бойынша филиалымен бірлескен семинар өткізілді.

Семинарда «Кәсіптік даярлық деңгейін бағалауға жүйелі дайындық – білім беру сапасын арттыру негізі», «Студенттердің кәсіби даярлық деңгейін бағалауды ұйымдастыру», «Кәсіби даярлық деңгейін бағалау жүйесін дамыту және біліктілік беру – кадрлар сапасын арттырудың кепілі», «2015-2016 оқу жылындағы кәсіптік даярлық деңгейін бағалаудың қорытындысы» тақырыптарында баяндамалар оқылды.

Семинар қорытындысында 2015-2016 оқу жылында техникалық және кәсіптік білімді дамыту ісіне үлес қосқаны үшін колледж мұғалімдері «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ-ның бас директорының Алғыс хатымен марапатталды.

atyrau 2016 1

atyrau 2016 2

atyrau 2016 3

atyrau 2016 4

 

 

 

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарыкадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» 223 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бекітілген, ҚР Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстарының мемлекеттік бағдарламаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 10 наурыздағы №193 бұйрығына сәйкес, «РҒӘО» АҚ Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттыру курстарын өткізеді.

«РҒӘО» АҚ Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларындатехникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары үшін «Заманауи педагогикалық менеджмент негізінде ТжКБ оқу орындарында оқыту сапасын арттыру» тақырыбы бойынша  біліктілікті арттыру курстары өтеді.

Жеңіл өнеркәсіп саласының ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері үшін Шымкент қаласында «Дуалдық оқыту жүйесін енгізу жағдайларында өндірістік-технологиялық процестерді модельдеуді қолдану әдістемесі» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтеді.

Туризм және қонақ үй шаруашылықтарын ұйымдастыру саласыныңТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері үшін Ақтау қаласында«Туризм және қонақ үй шаруашылықтарын ұйымдастыру саласының ТжКБ ұйымдарының мамандарын даярлаудағы инновациялық тәсіл» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтеді.

Тағам және мейрамхана бизнесінің ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері үшін Қарағанды қаласында«Тағам саласы ұйымдарының мамандарын даярлаудағы инновациялық тәсіл - ТжКБ бітірушілерін оқыту сапасының шарты» тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтеді.

ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары үшін Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларында «Дуалдық оқыту жағдайында ТжКБ жүйесінде білім беру процесін ұйымдастыру»тақырыбы бойынша біліктілікті арттыру курстары өтеді.

Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларында жоғарыда аталған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларының біліктілігін арттырукурстары мынадай мерзімдерде өтеді:

1)    Ақтау қаласында –2016 жылғы 19 қыркүйектен 1 қазан және 03-15 қазан аралығында;

2)    Қарағанды қаласында – 2016 жылғы 03-15 қазан және 17-29 қазан аралығында;

3)    Шымкент қаласында 2016 жылғы 17-29 қазан және 31 қазан және 12 қараша аралығында. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында колледждердіңаккредиттеу рәсімінен өтетіні атап көрсетілген.

Осыған байланысты, Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы мен Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі бірлесіп, әдістемелік көмек көрсету мақсатында колледж басшылары мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлері үшін 2016 жылдың 25-26 тамыз күндеріАстана қаласында ҚазГЗУ гуманитарлық-заң колледжі базасында «Колледжді аккредиттеуге арналған құжаттаманы дайындау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

DSC 9110

 

Семинар-тренингте келесі мәселелер қарастырылды:

$1-         ҚР білімді жаңғыртудағы сапаны тәуелсіз бағалау жүйесі;

- ТжКБ сапасын тәуелсіз бағалау  – ТжКБ сапасын арттырудың маңызды факторы;

- ТжКБ ұйымдарын институционалды және мамандандырылған аккредиттеу ерекшелігі. Сыртқы сараптау комиссиясының (ССК) келуін ұйымдастыру;

- сарапшыларды даярлау;

- ССК есебін дайындау, практикум;

- Қызметті құжаттандыру, растаушы куәліктер;

- стратегиялық менеджменттің институционалды негіздері, ТжКБ ұйымдарын аккредиттеуге өткізу бойынша практикум;

- аккредиттеу рәсіміндегі айқындық пен объективтілік принциптерін қамтамасыз ету. Білім беру бағдарламаларын өзін-өзі бағалау жөніндегі нұсқаулар;

- ТжКБ мазмұнын анықтайтын негізгі нормативтік құқықтық актілер;

- ТжКБ жүйесіндегі Ұлттық біліктілік шеңберінің, салалық біліктілік шеңберінің рөлі;

- кәсіптік стандарттар. Кәсіптік стандарттар құрылымы, оларды қолдану саласы;

- кәсіптік стандарт негізінде ТжКБ білім беру бағдарламаларын жобалаудың практикалық тәсілдері.

Семинар-тренигті «РҒӘО» АҚ Бас директорының орынбасары Камашева Римма Гильманқызы ашып, тақырыптың өзектілігі жайлы баяндады.

 

DSC 9130DSC 9180DSC 9213DSC 9184DSC 9190 DSC 9216

 

Сейдахметова Римма Ғаниқызы, Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің ғылыми кеңесшісі, ф.ғ.д.,Гасимов Ринат Гаптулханұлы, ТжКБ ұйымдарын аккредиттеу бойынша жоба жетекшісі, Ошақбаева Гүлвира Орынтайқызы, «РҒӘО»АҚ адам капиталын дамыту департаментінің бас менеджері, Құлжанова Бахыткүл Темірбайқызы, «РҒӘО»АҚ ТжКБ мазмұны департаментінің директоры аталған мәселелер бойынша дәріс оқыды.

 

DSC 9420

25.04.2016 sub001Қаланы көркейту және абаттандыру экологиялық тазалық айлық аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікке қатысқан «Техникалық және кәсіби білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ қызметкерлері астанамыздың сол жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізді.

 DSC95522015 жылдың 12 қарашасында Астана қаласындағы Назарбаев университетінде кәсіптік-техникалық білім беру саласының қызметкерлерінің қатысуымен «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII Халықаралық форумы өтті.
Форумда ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов, «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай, «TVET UK» атқарушы директоры Мэтью Андерсон, Түрік Республикасы Үкіметі жанындағы Үйлестіру және ұйымдастыру агенттігінің Қазақстандағы өкілдігінің төрағасы Мехмед Бодур, Ресейдің Орта арнайы оқу орындарының директорлары кеңесінің президенті Виктор Демин, «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғарту» жобасының жетекшісі Диньйонг Хоу сөз сөйледі.

92014 жылдың 8-10 сәуірі аралығында  «Көрме»  көрме кешенінде білім және кәсіптік даярлыққа арналған «Worlddidac Astana 2014» үшінші Халықаралық технологиялар көрмесі өтті.

20140407 1601432014 жылдың 7 сәуірінде Батыс Қазақстан облысында Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің (ААТК) базасында «Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауда дуалдық оқыту элементтерін қолдану» тақырыбында Ақжайық ауданының әкімі Н.Т. Төреғалиевтің төрағалық етуімен жұмыс берушілер, әлеуметтік серіктестіктермен кеңес өтті. Кеңеске Әбілқаирова А.К. – БҚО Кәсіпкерлер палатасы директорынң орынбасары, Ақдәулетов Қ.Ғ. – «РҒӘО» АҚ филиалының  директоры, Сапарғалиев М.М. – БҚО Білім басқармасы Кәсіптік білім және кадрлар даярлау бөлімінің бастығы, Ақжайық аграрлық-техникалық колледжінің әлеуметтік серіктестері, шаруа  қожалықтарының (ШҚ) басшылары, жеке кәсіпкерлер (ЖК). 

pic IMG 0285 - копия01Ағымдағы жылдың 4 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің Үлкен залында облыс әкімінің орынбасары Бахтияр Макеннің төрағалық  етуімен  Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

ngmdsbhtmsdngnsdhtgfҚазақстан Республикасының мемлекет басшысы Н. Назарбаев және Германия канцлері А. Меркельдің Бастамасы бойынша құрылған пилоттық жоба шеңберінде, осы бойынша Германия Қазақстанға кәсіптік білімнің дуалдық жүйесін енгізуде көмек көрсетеді, 2014 жылдың 01-11 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Құрылыс колледжі және Көпбейінді колледжінің базасында «өнеркәсіп механигі» және «өнеркәсіп электригі» мамандықтары бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламаларын бейімдеу жөніндегі жұмысшы топтардың отырыстары өтеді.

fotoӨскемен қаласында, ШҚО, 2014 жылдың 12-14 наурызы аралығында Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің базасында «Ғылыми зерттеулерді бағалау және іріктеу жүйесі» және «Зерттеу қызметіндегі серіктестік нығайту» тақырыбында дөңгелек үстел өтті