ҚЫЗМЕТ БАҒЫТТАРЫ

-   ғылыми-зерттеу қызметі;

-   консультациялық және сараптаалық қызмет;

-   ТжКБ-да оқытудың жаңа білім беру технологиялары саласында қайта даярлау және біліктілікті арттыру;

-   стратегиялық жоспарлау.

Дуалдық оқыту жүйесін енгізу

МАҚСАТЫ ЖӘНЕ  МІНДЕТТЕРІ:

Мақсаты: техникалық және қызмет көрсететін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және кәсіптік біліктілігі сапасын кепілдендіру мақсатында білім берудегі талдау, зерттеулер, ғылыми жетістіктер және индустриядағы озық технологиялар негізінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін ғылыми-практикалық қамтамасыз ету.

Негізгі міндеттер:

1) ТжКБ заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

2) ТжКБ сапасын арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге қатысу;

3) техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері мен мамандықтары бойынша кәсіптік біліктілік талаптары мен сипаттамаларын әзірлеуге қатысу;

4) ТжКБ ұйымдары үшін оқу-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге, кәсіптік оқыту құрстарын ұйымдастыруға қатысу;

5) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жаңа оқу технологияларын зерделеу және енгізу инженер-педагогикалық қызметкерлерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;

6) техникалық және қызмет көрсететін еңбек мамандарын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықты ұйымдастыру;

7) ТжКБ дамыту мәселелері бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

8) ТжКБ дамыту мәселелері бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу және ұйымдастыру;

9) ТжКБ дамыту мәселелері жөнінде зерттеулер жүргізу;

10) ТжКБ дамытудың өзекті мәселелерін зерделеу, талдау және ұсынымдар дайындау;

11) ақпараттық жинақтар, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін басып шығаруға материалдар дайындау.