«ТжКБ көрсеткіштерінің мониторингі және талдамасы» жобасының тұжырымдамасы

«РҒӘО» АҚ 2013-20117 жылдарға арналған даму тұжырымдамасына сүйене отырып және ғылыми-зерттеу қызметі бөлігіндегі бағыттарды басшылыққа ала отырып (6 ) стратегиялық бағыт) Техникалық және кәсіптік білімді дамыту проблемаларын зерттеу басқармасының алдына (бұдан әрі – Басқарма) мақсат қойылған:  «Білім берудегі талдау, зерттеулер, ғылыми жетістіктер және индустриядағы озық технологиялар негізінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін ғылыми-практикалық қамтамасыз ету».

  

2-бет  

Стратегиялық бағыттар

 

1. Стратегиялық бағыт

ТжКБ жүйесінің мазмұны жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды әзірлеуді ұйымдастыру

2. Стратегиялық бағыт

ТжКБ жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

3. Стратегиялық бағыт

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру

4. Стратегиялық бағыт

ТжКБ жүйесі бойынша серіктестікті және халықаралық байланыстарды дамыту

5. Стратегиялық бағыт

ТжКБ жүйесінің беделін және тартымдылығын арттыру

6. Стратегиялық бағыт

Ғылыми-зерттеу қызметі

 

1-сурет. «РҒӘО» АҚ қызметінің стратегиялық бағыттары

Басқарма қызметінің алға қойылған міндеттерінің бірі «ТжКБ көрсеткіштерінің мониторингі және талдамасы» (2-сурет). ТжКБ жүйесінің әдіснамалық буыны ретінде «РҒӘО» АҚ осы міндетін іске асыру үшін шешім қабылдауға негіз бола алатын, дәлелдемелерге негізделген негізгі көрсеткіштерді жинау және өңдеуді жүзеге асыру қажет.    

МАҚСАТТАРЫ

МІНДЕТТЕРІ

9. Халықаралық және республикалық маңызы бар іс-шараларды тұрақты өткізу

Шеберлік конкурстарын ұйымдастыру

Форумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер ұйымдастыру және өткізу

10. Жүйелік деңгейде кәсіби бағдар беру

ТжКБ жүйесі бойынша деректер базасын құру

11. Қоғаммен байланысты қолдау және жарнама

Ақпаратты құру, үнемі белсендіру және тұтынушыларға ұсыну

12. білім берудегі талдау, зерттеулер, ғылыми жетістіктер және индустриядағы озық технологиялар негізінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін ғылыми-практикалық қамтамасыз ету.

ТжКБ проблемаларын зерттеу

ТжКБ жүйесі көрсеткіштерінің мониторингі және талдамасы

ТжКБ мәселелері бойынша қолданбалы және фундаменталдық ғылыми жұмыстар жүргізу

3-бет


                                                                                                                                                                                      


2-сурет. «РҒӘО» АҚ қызметінің мақсаттары мен міндеттері

Бұл бағытта қызметтің негізгі көрсеткіші ТжКБ жүйесі көрсеткіштерінің мониторингі және талдамасы негізінде әзірленген ұсынымдардың саны болып табылады. (3-сурет). 


2-міндет

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі көрсеткіштерінің

мониторингі және талдамасы

Қызметтің негізгі көрсеткіші

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі көрсеткіштерінің мониторингі және талдамасы негізінде дайындалған ұсынымдар саны

Іс-шаралар

Жүйелік мониторинг және талдама жүргізу үшін ТжКБ жүйесінің көрсеткіштерін анықтау

жұмысшы топ құру

Жұмысшы топ мүшелерінің қатысуымен оқыту семинарларын ұйымдастыру және өткізу

Жүйе көрсеткіштерінің жүйелік мониторингі

ТжКБ проблемаларын анықтау, зерттеу үшін көрсеткіштерді таңдау

ТжКБ көрсеткіштерінің талдамасы

Ұсынымдар әзірлеу

Басқарушылық шешімдер қабылдау үшін мемлекеттік органдарға ұсынымдар ұсыну

Индикаторлар

АТАУЫ

БІРЛІК

2013

2014

2015

2016

ТЖКБ мәселелері бойынша тендерлер қорытындылары жөніндегі оң шешімдердің үлесі    

%

-

50

50

50

ТжКБ мәселелері бойынша ҚР БҒМ Ғылым комитетінің конкурстарына қатысу үшін дайындалған тендерлік құжаттаманың саны  

дана

-

2

3

4

                 

3-сурет. Негізгі көрсеткіш, іс-шаралар және индикаторлар

«РҒӘО» АҚ Тұжырымдамасының іс-шараларын тиімді іске асыру мақсатында Басқарма «ТжКБ көрсеткіштерінің мониторингі мен талдамасы» жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірледі.  Жобаны 2013 жылдың желтоқсанында енгізу жоспарланады. ТжКБ көрсеткіштерінің мониторингі мен талдамасы басқарушылық шешімдер қабылдау үшін одан әрі мемлекеттік органдарға жіберумен ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.  

4-бет

Жобаның мақсаты: «Айқындалған проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге арналған статистикалық деректердің негізінде ТжКБ даму жағдайының жүйелік талдамасы».

Жобаның міндеттері: 
1) жүйелі мониторинг және талдама жүргізу үшін ТжКБ жүйесінің көрсеткіштерін анықтау;
2) ТжКБ көрсеткіштерінің жүйелік мониторингі (жылына 2 рет);
3) ТжКБ көрсеткіштерінің талдамасы және ұсынымдар әзірлеу.
Жобаны іске асыру шеңберінде ТжКБ жүйесі бойынша статистикалық деректерге талдау жүргізілді, нысандар бойынша көрсеткіштер әзірленді (1-қосымша).

5-бет

Жұмыс үшін ұсынылатын ТжКБ көрсеткіштері:   

1) Ведомстволық бағыныстылығы және кадрлар даярлау бейіндері бойынша ТжКБ ұйымдарының желісі;

2) Кадрлар даярланатын мамандықтар мен кәсіптер тізбесі; 3) колледждерге оқуға түскен жалпы білім беретін мектептерді бітірушілердің саны;
4) Ведомстволық бағыныстылығы және кадрлар даярлау бейіндері бойынша ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың контингенті;  
5) бюджеттік және ақылы негіздегі мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарын бітірушілердің саны; 

6) Кәсіптік даярлық деңгейін бағалауға (КДДБ) қатысушы бітірушілердің үлесі;   7) Оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейі;
8) ТжКБ оқу орындарының жабдықталу деңгейі;
9) дуалдық оқыту элементтерін енгізіп жатқан оқу орындарының саны;
10) Дуалдық оқыту элементтері енгізілген мамандықтардың саны;
11) ТжКБ мамандықтары бойынша кадрлар қажеттігі;
12) Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру;
13) ТжКБ бітірушілерін жұмысқа орналастыру.

6-бет

Жобаны енгізу жөніндегі әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес (2-қосымша) «РҒӘО» АҚ филиалдары қызметкерлерінің қатарынан жұмыс тобы құрылады. Жобаны енгізуді ақпараттық қамтамасыз ету, филиалдар бойынша мониторинг жүргізуге жауаптылар үшін мониторинг жүргізу жөніндегі консультациялық қызметтер көрсетумен,  ақпараттық материалдарды «РҒӘО» АҚ сайтында орналастыру жоспарланады. «РҒӘО» АҚ сайтында құрылған ТжКБ көрсеткіштерінің базасы жылына екі рет өткізілетін ТжКБ көрсеткіштерінің мониторингі негізінде жаңартылатын болады.

 Мониторинг 16 өңір және 15 бағыт бойынша, Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім  кәсіптері мен мамандықтарының жіктеуішіне сәйкес жүргізіледі. ТжКБ көрсеткіштерінің талдамасының тікелей нәтижелері (қорытындылары) мемлекеттік органдарға жіберілетін ұсынымдар болып табылады.

Өз кезегінде жергілікті атқарушы органдар анықталған кемшіліктерді жою бойынша басқарушылық шешімдер және қойылған проблемаларды шешу жөнінде шаралар қабылдауы тиіс. «РҒӘО» АҚ өз зерттеулерінің нәтижелерін «РҒӘО» АҚ сайтында және  Орталықта шығарылатын жинақтарда өзі жариялауға құқылы.   

Алынған нәтижелер пайдаланылатын салалар:

• білім беру ұйымдарының жағдайларында, мемлекеттік және өңірлік деңгейлерде техникалық және кәсіптік білім беруді басқару жүйелері;

• кадрлар даярлау, кәсіптік қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесі; 
• адами ресурстарды оқыту және дамытудың корпоративтік жүйесі.

Кіші категориялар

$1·         ТжКБ жүйесіне дуалдық оқытуды енгізу

Дуалдық оқыту жүйесін енгізу бойынша республикалық семинар-кеңес

«РҒӘО» АҚ ТжКБ дамыту проблемаларын зерттеу басқармасы «РҒӘО» АҚ бас директоры Ә.Әбжаппаровтың  басшылығымен 2013 жылдың 10-11 қазанда «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжінің (Балқаш қ.) базасында дуалдық оқыту жүйесін енгізу бойынша республикалық семинар-кеңес (бұдан әрі – Семинар-кеңес) өткізді.

Семинар-кеңеске ҚР БҒМ, «РҒӘО» АҚ, өңірлік білім басқармалары, кәсіпорындар және ҚР 16 өңірінен дуалдық оқыту жүйесін енгізу бойынша эксперименталдық алаңдар - 25 колледждің өкілдері қатысты. Қатысушылардың барлығы – 35.   

  Семинар-кеңестің негізгі мақсаты – дуалдық оқыту жүйесін енгізу тәжірибесімен алмасу және осы Жоба шеңберінде одан әрі іс-қимылдар әзірлеу.

Семинар-кеңесте дуалдық оқыту жүйесін енгізу бойынша эксперименталдық алаңдар – колледждер жұмысының нәтижелері (жоспарлары), «Қазақмыс» корпорациясы Политехникалық колледжінің дуалдық оқыту тәжірибесі көрсетілді. Сонымен қатар, Семинар-кеңеске қатысушылар үшін «Қазақмыс Смэлтинг» ЖШС және «Карагандацветмед» ӨБ кәсіпорындарының өндірістік алаңдарына экскурсия ұйымдастырылды, оларда дуалдық оқытудың өндірістік модульдері өткізіледі:    

• Күкірттіқышқылды цех;

• Жөндеу-механикалық зауыты;

• Жөндеу-механикалық цехы (БМЗ);

• Оттегі өндіретін кәсіпорын.

Сондай-ақ, Семинар – кеңесте «Германиядағы кәсіптік оқытдың дуалдық жүйесі» тұсаукесерлік фильмі және дуалдық оқытуды ұйымдастырудың негізгі принциптері көрсетілді.   

Жұмыс қортындылары бойынша Семинар-кеңеске қатысушылардың дуалдық оқытуды енгізу жөніндегі шешімдері қабылданды.