Техникалық және кәсіптік білім мазмұны басқармасы қызметінің бағыттары 

ТжКБ мазмұны басқармасы қызметінің мақсаты ТжКБ оқу орындары қызметінің тиімділігін арттыру, ТжКБ жүйесінің ғылыми-әдістемелік әлеуетін толықтай пайдалану және дамытуды қамтамасыз ету, мамандардың біліктілігін арттыру болып табылады.

1) ТжКБ мазмұны бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

2) ТжКБ дамыту мәселелері бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, ТжКБ сапасын арттыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеуге қатысу;

3) техникалық және қызмет көрсететін еңбек кадрларын даярлаудың заманауи технологияларын, нысандары мен әдістерін және енгізуге қатысу;

4) ТжКБ мамандықтары бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, біріктірілген білім беретін оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу бағдарламаларын, оқу және оқу-әдістемелік әдебиетін әзірлеуге және жетілдіруге қатысу;

5) техникалық және еңбекке қызмет көрсететін кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік біліктілік талаптары мен сипаттамаларын әзірлеуге қатысу;

6) білім беруді басқару органдары және оқу орындары, кәсіптік оқыту курстары үшін ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарын әзірлеуге қатысу;

7) техникалық және қызмет көрсететін еңбек мамандарын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері бойынша әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастықты ұйымдастыру;

8) ТжКБ оқу орындарының қызметі мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу;

9) ТжКБ дамыту мәселелері бойынша халықаралық, республикалық және өңірлік конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

10) жаңа оқу технологияларын зерделеу және ТжКБ жүйесіне енгізу саласында қайта даярлау, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;