ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТУ 

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадраларын даярлау саласындағы білім мен бизнестің әріптестігі болып табылады. 

Бүгін «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ мемлекет пен бизнес арасында одақ құра отырып, ұлттық деңгейде әріптестікті дамытып келеді.

Техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы әріптестікті дамыту мақсатында келесі келісімдер жасалып,  іске асырылуда:

Аграрлық-өнеркәсіп кешенінің салаларын техникалық және кәсіптік білім мамандарымен қамтамасыз ету бойынша «ҚазАгроИнновация» АҚ;   

Экономика салаларын техникалық және кәсіптік білім мамандарымен қамтамасыз ету бойынша «Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы;

Теңіз индустриясын техникалық және кәсіптік білім мамандарымен қамтамасыз ету бойынша «Кеме иелері және теңіз индустриясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы» ЗТБ; 

Туризм саласын техникалық және кәсіптік білім мамандарымен қамтамасыз ету бойынша «Қазақстан Туристік қауымдастығы» ЗТБ;

Туризм саласын техникалық және кәсіптік білім мамандарымен қамтамасыз ету бойынша«Қазақстан қонақ үйлер және мейрамханалар қауымдастығы»ЗТБ;   

Тағам және қонақжайлық индустриясын техникалық және кәсіптік білім мамандарымен қамтамасыз ету бойынша «Қазақстан Республикасы Аспаздар қауымдастығы» ЗТБ;

Техникалық және кәсіптік білімнің нормативтік құқықтық базасын және үлгілік оқу жоспарларын,  бағдарламаларын және тюб жетілдіру бойынша  «Зерде» Ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі»АҚ;

Теңдік принципі негізінде, өзара қажеттіліктер мен мүдделерді және т.б. ескере отырып,мұнай-газ, энергетика және басқа да аралас салалар үшін мамандарды мақсатты даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша «Personnel Recruitment Center «Career-Holdings» ЖШС;

Теңдік принципі негізінде, өзара қажеттіліктер мен мүдделерді және т.б. ескере отырып,  Қазақстанның құрысшылар қауымдастығы үшін мамандарды мақсатты даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша «Қазақстанның құрылысшылар қауымдастығы» ЗТБ;

Кадрлардың кәсіптік даярлық сапасын бағалау және серттификаттау өткізу  және т.б. бойынша «Бәйтерек» Елорданың құрылысшылар одағы» ЗТБ;

Теңдік принципі негізінде, өзара қажеттіліктер мен мүдделерді және т.б. ескере отырып,  Қазақстан Республикасының сәулетшілер қауымдастығы үшін мамандарды мақсатты даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша «Қазақстан Республикасының сәулетшілер қауымдастығы» ЗТБ;

Кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, тиісті өндіріс саласының техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандықтары бйоынша оқу жоспарларын,  білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру бойынша  «Қазақстанның баспашылар және кітап таратушылар қауымдастығы» ЗТБ.