ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру үшін халықаралық ынтымақтастық дамып келеді.

«Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің  республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ техникалық және кәсіптік білім саласында халықаралық тілектестікті және әріптестікті нығайту үшін келесі халықаралық меморнадумдар мен келісімдер жасалып, іске асырылуда.

Техникалық және кәсіптік білім кәсіптері мен мамандықтары бойынша кәсіптік біліктілік талаптары және сипаттамалары саласында тәжірибе алмасу, кәсіби бағдар беру жүйесін нығайту және кеңейту бойынша жұмыс, әлеуметтік әріптестер арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және басқалар бойынша ФранцияҰлттық білім министрлігіХалықаралық педагогикалық зерттеулер орталығы  (Севр қ.)

 

Қазақстанда техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандықтары бойынша кәсіптік даярлық сапасын тәуелсіз бағалау, біліктілікті растау және беру жүйесін енгізу бойынша Корея ынтымақтастық жөніндегі агенттігі (Сеул қ.)

 

Қазақстанда кәсіптік оқытудың кооперативтік нысандарын әзірлеу саласында тәжірибе алмасу және б. бойынша Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Германия қоғамы  (GIZ)

 

Беларусь Республикасы Білім министрлігінің ТжКБ ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді дамыту жөніндегі Республикалық кәсіптік білім институты

 

Техникалық және кәсіптік білімді дамыту саласында «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ мынадай халықаралық жобаларды іске асырды және кске асыруда: 

Ø KOICA Корея ынтымақтастық жөніндегі агенттігімен ынтымақтастық шеңберінде «Қазақстанда техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтары бойынша кәсіптік даярлық сапасын тәуелсіз бағалау, біліктілікті растау және беру жүйесін енгізу» жобасы (2006-2007 ж.ж.) іске асырылды.

Жобаны іске асыру кезінде біліктілікті сертификаттау бойынша тәжірибе алмасу жүзеге асырылды. Кореяда Қазақстандық 65 маман және сарапшы тағылымдамадан өтті. Корея тарапы ТжКБ дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығында мультимедиалық сыныпқа арналған жабық орнатып берді.

·  2012 жылдың ақпанынан 2013 жылдың шілдесі аралығында «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ Еуропалық Одақтың «ТжКБ жүйесіндегі институционалдық әріптестік» атты халықаралық жобасына бенефициар ретінде қатысты. 

Жоба шеңберінде білім беру институттары, колледждер арасында Меморандумдарға қол қойылды. Австрия, Францияға танысу сапарлары, оқыту тренингтері мен семинарлар өткізілді.

Келешекте ТжКБ жүйесінің инженер-педагог кадрларын даярлау, қайта даярлау және шетелде білктілігін арттыру және ТжКБ ұйымдарының шетелдік колледждермен серіктестік ынтымақтастығы саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жоспарланады.