ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 18 ақпандағы №70 бұйрығы бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарын оқу-әдістемелік қамтамсыз ету жұмысын жүйелендіру мақсатында «Республикалық техникалық және кәсіптік білімді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК жанында құрылды.

► ТжКБ жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету кабинеті қызметінің мақсаты ТжКБ жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру және облыстық оқу-әдістемелік кабинеттердің қызметін үйлестіру  болып табылады.

► Өз қызметінің мақсатына жету үшін Кабинет мынадай міндеттерді шешеді:

● ТжКБ жүйесінде оқу-әдістемелік жұмысты дамыту және жетілдірудің негізгі бағыттарын әзірлеу;

 ● инженер-педагог қызметкерлердің, өндірістік оқыту шеберлерінің, ТжКБ басшылық және басқа қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 

● ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін зерделеу, жалпылау және тарату;
● әдістемелік кеңестер, семинарлар, конференциялар және басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізуге қатысу. 

 ►Жүктелген мінрдеттерге сәйкес Кабинет мынадай функцияларды атқарады: 

● Қазақстан Республикасының ТжКБ жүйесі ұйымдарының оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

● ТжКБ жүйесінің инженер-педагог қызметкерлерін ақпараттық, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;

 ● ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім департаментімен, облыстар,  Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының техникалық  және кәсіптік білім бөлімдерімен, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері және филиалдарымен бірлесіп өзара іс-қимыл жасау;  

● Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, білім беру бағдарламалары, нормативтік құқықтық актілер, ТжКБ жүйесі бойынша оқу-әдістемелік құралдарының электрондық дерктер базасын  құрастыру;

● Оқу-әдістемелік басылымдар каталогын құрастыру; 

● ҚР БҒМ ТжКБ проблемалары бойынша өткізетін іс-шараларға (форум, конференциялар, семинарлар және т.б.) әдістемелік материалдар дайындауға қатысу;   

● ТжКБ дамыту мәселелері бойынша өңірлік конкурстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

● ТжКБ дамыту саласындағы озық педагогикалық жұмыс тәжірибесін зерделеу,  жалпылау және тарату;

● ТжКБ дамыту мәселелері бойынша тақырыптық (ғылыми-әдістемелік) көрмелер ұйымдастыру;

● Оқу-әдістемелік құралдар және «Техникалық және кәсіптік білім - Техническое и профессиональное образование» ТжКБ журналын басып шығару және тираждау.