Негізгі бағыттар

Қазақстан Республикасында кәсіптік даярлық деңгейін тәуелсіз бағалауды енгізу Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып белгіленді. Техникалық және қызмет көрсетуеңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру «Білім туралы» ҚР Заңының 28-бабының 10-тармағына жәнеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы №281 бұйрығымен бекітілген Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Жыл сайын өткізілетін іс-шаралар:

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалауға жатқылатын ТжКБ оқу орындарын бітірушілері контингентінің желісін талдау; Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша КДДБ өткізу кестесін бекіту; Шағын және орта бизнес ұйымдары өкілдерінің, ірі ұйымдардың жұмыс берушілері және Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Біліктілік комиссияларын құру; ТжКБ ұйымдары және облыстық білім басқармаларының басшыларымен КДДБ ұйымдастыру және өткізу процедуралары бойынша оқыту семинарларын өткізу; КДДБ ұйымдастыру және өткізу; Біліктілік комиссиялары шешімдерінің негізінде сертификаттарды рәсімдеу және беру; Салалық қауымдастықтарда тәуелсіз сертификаттау орталығын құруға көмек көрсету.

2011 жылы «РҒӘО» СТРК 1349-2005 «Еңбек ресурстарын басқару. Пресоналдық сәйкестігін растау (сертификаттау) жөніндегі органдар» талаптарына сәйкестігіне «Аккредиттеу аттестатын» алды, персоналдың сәйкестігін растау (сертификаттау) жөніндегі органның аккредиттеу саласы болып  «ТжКБ мамандықтары бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беру» табылады.

КДДБ өткізу процедурасы төрт негізгі кезеңнен тұрады:

458-wer