ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ

Білім сапасын бақылау жүйесі бар дамыған шетел елдерінің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің тәжірибесін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасында техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлау сапасын арттыру мақсатында:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29.04.2005 жылғы № 405 қаулысымен   «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» РМКК құрылды;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 11.06.2007 жылғы № 483 қаулысымен «Республикалық біліктілікті растау және беру орталығы» РМКК «Жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі не» енгізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 15.01.2008 жылғы №15 қаулысымен «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» ШЖҚ-дағы РМК болып қайта құрылды.  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 05.09.2012 жылғы №1144 қаулысымен жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Құрылған күннен бастап Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығына  еліміздің көрнекті ғылыми қайраткерлері басшылық етті  

«РБРБО» РМКК

1. 2005-2006 ж.ж.       – Қозыкеев  Асан  Тобажанұлы

2. 2007 ж.                   – Нұрмағамбетов  Ақылбай  Қыдырәлиұлы

«РҒӘО» РМК

3. 2007-2008 жж.       – Ережепов  Серкебай

4. 2008-2010 ж.ж       – Ержанов  Бақыт   Ахметұлы

5. 2010-2011ж.ж.        – Шалғымбаев  Серікбол  Тілеулесұлы

6. 2011-2012 ж.ж.       – Бөрібаева  Сәуле  Бөкейханқызы

«РҒӘО» АҚ

7. 2013 – 2014 ж.ж.    – Әбжаппаров  Әбдімүтәліп  Әбжаппарұлы 

8. 2014 г.- қ/к               Куспеков Олжас Хайроллаұлы